Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ФЕДОРОВ АББ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Федоров ауданының АББ Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры М.В. Слесарь «2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы педагогтердің біліктілігін арттырудың негізгі бағыттары мен міндеттері туралы» баяндама жасады. Отырысқа аудандық білім бөлімінің басшысы және аудандық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Филиал директоры М.В.Слесарь институттың 2021 жылға біліктілікті арттыру жұмысы туралы айтты.

«АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Ағылшын тілі мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.
Курстарды көп жылдар бойы шетелде оқып шыққан, ағылшын тілін жетік меңгерген, қазіргі мектеп түлектерімен құрдас дерлік, жас дәріскер Мармыш  Анастасия өткізді. Бұл ағылшын тілін оқыту мен үйренуге әлемдік тұрғыдан жаңа көзқарас болды. Заманауи тұлға, ол IT технологияларын жақсы біледі, материалды электронды форматта жүйелейді және осы ресурстармен барлық тыңдаушылармен бөлісті. Сабақтың бес күні қызықты және танымдық болды, зерттелген материал өзектілігімен, алуан түрлілігімен және интернет-арналар арқылы қол жетімділігімен құнды. Бір өкініштісі, курстардың онлайн-форматта өткендігі, әйтпесе Анастасияның зияткерлік және эмоционалдық харизмасы күндізгі курстарға ерекше нюанстар берер еді.
Курстар оның арқасында тек оң пікірлерге ие болды!

"ШЖМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АЙМАҚТАР, ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ»

29 наурызда «ШЖМ педагогтерінің қызметіндегі проблемалық аймақтар, оларды анықтау және талдау» тақырыбы бойынша қашықтық форматында ШЖМ мұғалімдерінің шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті. Шығармашылық топтың қатысушылары ШЖМ педагогтерінің кәсіби қызметінің SWOT-талдауын орындады, қызметтің проблемалық аймақтары туралы өз ойларын ұсынды және оларды шешу жолдарын белгіледі.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданының білім беру бөлімінің Верен бастауыш жалпы білім беретін мектебі» КММ меңгерушісі Юлия Вячеславовна Калинина өз сөзінде жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында аралас сыныптардағы оқыту мәселелері, аталған мектеп жағдайында бұл мәселе қалай шешілетіні туралы айтты.

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 4-ТОҚСАНЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры М.В.Слесарь ҚР БҒМ аппараттық кеңесіне қатысты. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің ведомстволық ұйымдарының басшылары қатысты.  
4-тоқсанның басталуы қарсаңында карантин жағдайында оқу процесін ұйымдастыру- басты тақырыптардың бірі болды. Қауіптің  түстік көрсеткішіне байланысты төртінші тоқсан қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тиісті режимде басталады.    
Тәуекелі төмен және орташа аймақтардағы, «жасыл» және «сары» аймақтардағы мектептер үшін тоқсан біріктірілген форматта өтеді – пәндердің бір бөлігі дәстүрлі түрде, ал бір бөлігі қашықтықтан өткізілетін болады, сабақтың ұзақтығы – 40 минут, сыныптың толымдылығы-25 оқушы. Сабақ уақытында сыныптарда оқушыларға бетпердесіз болуға рұқсат етіледі.
 «Қызыл» аймақтағы мектептер үшін оқыту өткен тоқсандардағыдай жалғасады: 1-5, 9, 11 сыныптар үшін – аралас оқу, 6,7,8,10 сыныптар үшін – қашықтықтан оқыту форматы.

«Тәрбиеленушінің SOFT SKILLS дағдылары»

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалында 2021 жылдың 01-30 наурыз аралығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағыsoft skills-ті (4К дағдыларын) дамыту бойынша үздік педагогикалық идеяларды және инновациялық практикаларды анықтау мақсатында «Тәрбиеленушінің SOFT SKILLS дағдылары: әдістемелік жинақ»  атты үздік әдістемелік әзірлемелер облыстық байқауы өткізілді.

Конкурс озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу және жүзеге асыруға,  тәрбие және оқыту практикасындағы инновациялық үлгілерді таратуға мүмкіндік жасауға, soft skills дағдыларын дамыту бойынша педагогикалық практикада қолдану, өз тәжірибесінде педагог уәжін қалыптастыру үшін жағдай жасауға, озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту практикасына заманауи педагогикалық технологияларды ендіруге бағытталған.

Конкурс нәтижесі бойынша www.orley-kost.kz сайтында дайджест пен әдістемелік әзірлемелер жинағы барияланады.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us