Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

«ӨРЛЕУ»БІЛІМ БЕРУ АРНАСЫМЕН ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫСАЙЫҚ!

YouTube арнасында Қостанай облысының педагогтеріне арналған "Өрлеу" білім беру арнасының онлайн-презентациясы өтті! Арна бойынша виртуалды экскурсияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Роман Владимирович Худяковтың басшылығымен облыстың 80 - ге жуық мұғалімі аттанды.

«Өрлеу» білім беру арнасын желі кеңістігінде қалай табуға болады? Онда  қандай ресурстар бар және «Өрлеу» арнасына тағы нелер қосылады деген сұрақтардан бастап барлығы презентация барысында меңгерілді.

Қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдер сабақ өткізу кезінде пайдалана алатын 1-11 сыныптарға арналған бірінші тоқсанның цифрлық контентіне үлкен назар аударылды, сайттың құрылымы және оның мазмұны егжей-тегжейлі қарастырылды.

#ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА, ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН!»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы @bilimdi_el  «Білімді ел-Образованная страна» газетінің #Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен! #Моему учителю с любовью деп аталатын челленджі, тамаша әлеуметтік жобасын қуана қолдады.

Туған күніне мерекелік гүл шоғы мен құттықтау сөздермен бірге педагогикалық еңбек ардагері, ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі, 25 жылдан астам педагогтардың біліктілігін арттыру ісіне үлес қосқан Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Раушан Әбдіғалиқызы Байсаринаға «Білімді ел - Образованная страна» газетінің 2021 жылға арналған жылдық жазылымына сертификат табыс етілді. bilimdinews.kz сайтындағы «Туған күндер» деп аталатын жаңа айдарында Раушан Әбдіғалиқызының есімі де ол үшін сыйлық болды.

Раушан Әбдіғалиқызы барлығымыз үшін шынымен де сүйікті ұстаз және «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!»  акциясы оған деген сезімдерімізді білдірді!

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ КИБЕР ҚАУІПСІЗДІК

Бүгінгі әлемдік пандемия жағдайында білім беру процесін онлайн форматта ұйымдастыруға тура келіп отыр.  Zoom платформасында оқу процесін қауіпсіз деңгейде ұйымдастыру оның қатысушыларына: мұғалімдер, ата-аналар, оқушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ақпараттық қауіпсіздік қатерлері туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ өзінің Youtube білім беру арнасында «Қашықтықтан оқыту кезіндегі киберқауіпсіздік» плейлистін жасады.

Мұны әркім білуі керек, мұғалім де, ата-ана да, оқушы да! Бұл плейлистте сіз маңызды ақпаратпен танысасыз:

  • ZOOM платформасында онлайн сабақтарды ұйымдастыру бойынша қауіпсіздік ережелері
  •  ZOOM платформасында онлайн сабақты қажетсіз факторлардан қорғау
  • Интернетте балаларды күтетін қауіптер
  • Соңғы уақытта баланың сандық қауіпсіздігі туралы неліктен көп айтылады
  • Кибербуллинг
  • Интернет қауіпсіздігі туралы балалармен сөйлесудің алты тәсілі
  • Және тағы басқа қажетті ақпарат.

ZOOM СЕРВИСІНІҢ КӨМЕГІМЕН ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Өз жұмысыңызда Zoom платформасының барлық мүмкіндіктерін пайдалануды үйренгіңіз келе ме? Оның барлық функционалын игеру керек пе? Бұл қызметті қашықтықтан оқытуда қолдану тиімді ме? Онда бұл ақпарат сіздер үшін!

2020 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ Zoom сервисінің көмегімен қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бойынша білім беру ұйымдары, педагогтар мен ата-аналар үшін оқыту вебинарлар сериясын іске қосады.

Вебинарлар барысында ата-аналар оқу процесінде осы сервисті пайдалану кезінде өз балаларына қажетті консультациялық қолдау көрсету бойынша практикалық ұсыныстар мен пайдалы кеңестер алады.

Білім беру ұйымдарының әкімшілігі ZOOM платформасының ерекшеліктерін және оның мүмкіндіктерін біледі. Мұғалімдер үшін ұсынылған платформаның барлық функциялары ұсынылады, олар оны оқушылармен жұмыс жасау кезінде қолдана алады.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ж.А.Қараев «Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің біліктілігін арттыру ерекшеліктері» тақырыбында еліміздің мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді.

Жаумбай Амантұрлыұлы өз сөзінде қашықтықтан оқытудың маңызды аспектілері туралы айтты, олар: педагогтердің сандық құзыреттілігі, 21 ғасыр дағдылары, мұғалімнің біліктілігін арттыру жүйесіндегі цифрландыру. Сондай-ақ вебинар тыңдаушыларын «Өрлеу» БАҰО» АҚ онлайн оқыту бағытындағы тиімді және жемісті жұмысын көрсететін сандық нәтижелерімен таныстырды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «BlendedLearning»форматында қашықтықтан оқытужәне ел мұғалімдерін курстан кейін қолдау бойынша үлкен тәжіріибесі бар. Осы жылдың 18 наурыз бен 23 қыркүйек аралығында 1330 онлайн курс, 35 конференция, 287 вебинар, 30 дөңгелек үстел, 39 шебер сыныбы, 10 тренинг өткізілген. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Youtube білім беру арнасында жалпы саны 25 млн. адаммен қаралған 8000 оқыту видеосы орналастырылған. Педагогтерге үнемі ақпараттық қолдау көрсетіледі.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us