Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

«ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ҰСТАЗДАР» ЖАҢА КІТАП ЖЫРЫҚҚА ШЫҚТЫ!

Бүгін институтымызға авторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнас Кенжетайқызы Ахметованың «ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ҰСТАЗДАР» деп  аталатын жаңа кітап-монографиясы сыйлық ретінде келіп түсті.

Ұстаздар қауымына қатысты қуғын-сүргін тарихының тақырыбы өзекті де, өте қызықты болғанымен, бүгінге дейін оған жете көңіл аударылмаған және әзірге ол аз зерттелген. Қазақ халқының зиялыларының, қарапайым мұғалімдердің, педагогтардың күнделікті ерлігі –  халыққа қоғамдық қызмет етудің, парызын орындаудың және өз ісіне – ұстаздыққа деген шексіз сүйіспеншіліктің теңдессіз үлгісі! Гүлнас Кенжетайқызы қолтаңба жазбасында «Отанға және мұғалім кәсібіне адал тұлғалар туралы естелік үшін» делінген.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2020 жылдың 6 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да дөңгелек үстел өтті, оның барысында Президент       Қ-Ж.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іс жүзінде іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі этикалық негіздер мәселелері талқыланды.

Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың бас маман-заңгері Дәрменов Бахытжан Дәрменұлы жасаған баяндамасында филиал қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған негізгі іс-шараларды ұсынып, оларды талдады. Басқармадағы моральдық-этикалық және құқықтық аспектілерінің маңыздылығын атап айтты.

САНДЫҚ БЕЙНЕСАБАҚТАР ӘЗІРЛЕУШІЛЕРДІ МАРАПАТТАУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында Ұстаздар күнін мерекелеу аясында мектеп оқушыларына арналған сандық бейнесабақтарды әзірлеушілері – мұғалімдер  мен филиал қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Филиал директоры М.В.Слесарь педагогтердің шығармашылық топтарына көрсетілген кәсібилігі мен шеберлігі үшін алғыс айтты.

Дөңгелек үстел барысында сабақтардың авторлары атқарылған жұмыстардан алған әсерлерімен бөлісіп, жиналған қауымды басты кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнімен құттықтады.

МӘРТЕБЕСІ БИІК МҰҒАЛІМ. ҰЛЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

Мұғалімдер күні қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы педагогикалық еңбек ардагерлерімен бірге Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне барып, ұлы ұстаз, жазушы, қазақ халқының білімі қалыптасуының негізін қалаған тұлғаға алғыс айтып, құрмет көрсетті.        

Ұлы ағартушының құрметіне өткізілген митингте Ыбырай Алтынсариннің қазақ және әлем тарихында халқын ағарту ісіне бар күшін және бар талантын берген, қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ірі ойшыл ретінде көрнекті орын алатындығы атап өтілді. Ыбырай Алтынсариннің қостанайлықтардың жүрегінде үлкен орын алатындығы атап айтылды.

КЕШЕГІ БАЙҚАУДА – ЖЕҢІС, БҮГІН – «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2020» АТАҒЫ.

Қостанай өңірінің төрт мұғалімі «Үздік педагог-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары қатарына енді.

Өткен жылы педагогтар Карина Нугуманова, «Озат» IT-лицейінің химия пәнінің мұғалімі, Елена Якимчук, Жітіқара ауданының №12 орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі, Лязат Ерденова «Өрлеу» БАҰО» АҚ өткізетін жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары болды, онда өздерінің үздік педагогикалық жетістіктерін көрсетті, ал бүгін олар «Үздік мұғалім – 2020» республикалық конкурсының жүлдегерлері атанды.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us