Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖЫЛЫ

Қарашада Омбы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығының ашылғанына тура бір жыл толады.

2019 жылдың қараша айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалының делегациясы Омбы қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстанның ХVI аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында өткен іс-шараларға қатысты.

Халықаралық әдістемелік орталықпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою филиал үшін маңызды оқиға болды. Халықаралық орталықтың жұмысын жедел басқару мақсатында кеңес құрылды, оны Омбы облысының білім беруді дамыту институты директоры Т.С.Горбунова басқарды, ал тең төраға болып бірауыздан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Слесарь М.В. сайланды.

Пандемия кезінде ЖҚЕ зерделеудің ерекшеліктері

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Қостанай облысының Ішкі Істер Департаментімен және Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп  «Пандемия кезінде жол қозғалысы ережелерін зерделеу ерекшеліктері»  атты облыстық интерактивті сабақ өткізді.

Интерактивке Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, ЖЖИ жасақтар өкілдері, оқушылары қатысты. Барлығы 220 онлайн қосылу болды.

Өз сөзінде Қостанай қаласы ПБ ЖПҚ аға инспекторы полиция капитаны Базарбаева Карина: «Баланың жолда тәртіпті болуын қалыптастыру процесінде ата-аналардың орнын ешкім алмастыра алмайды», - дейді.

«АБАЙ МҰРАСЫ КӨПЭТНОМӘДЕНИЕТТІ ӘЛЕМДЕ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы көпэтномәдениетті әлемде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын аяқтады.

 Екі күн ішінде жемісті жұмыс жасалды және халықаралық деңгейде шығармашылық идеялармен алмасу өтті. Конференция онлайн режимінде ZOOM платформасында, «Өрлеу»-дің facebook  парақшаларында тікелей трансляцияда өткізілді.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің, білім беру, мәдениет ұйымдарының басшылары мен өкілдері, облыстың, республиканың, басқа елдердің педагогикалық және азаматтық қоғамдастығы қатысты.

«Тәлімгер+Жас педагог=Команда» жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздары

2020 жылдың 28 қазанында «Тәлімгер + Жас педагог = Команда» облыстық байқауының  финалы өтті. Дәстүрлі жыл сайынғы байқау алғаш рет қашықтықтан өткізілді.

Қостанай облысының үздік педагогикалық командалары өз идеяларын тікелей эфирде көрсету үшін күндізгі кезеңге өтті. Тәлімгердің тәжірибесі мен жас мұғалімнің жаңа көзқарасы біріктірілген командада жұмыс істеу әрқашан үлкен кәсіби және жаңа жетістіктер әкеледі.

Байқау еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында белгіленген мұғалім мамандығының беделін арттыру және нығайту - маңызды мақсатын көздейді және жүзеге асырады.

ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы сайтындағы «Қашықтықтан білім беру орталығы» бөлімінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Славим живое русское слово» атты олимпиадасы өтті.

Бұл іс-шараға 1747 педагог қатысты. Олардың ішінде жиналған балл саны бойынша бірінші орынды 9 мұғалім, 121 – екінші, 232 – үшінші орынды иеленді. Олимпиада шығармашылықпен қызмет ететін мұғалімдерді қолдау және белсендіру мен мұғалімдердің өз қызметіне деген қызығушылығын арттыру мақсаттарын көздеді. Қатысушыларға зияткерлік әлеуетін ашуға және зияткерлік жарыстарға қатысудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us