Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

2021 ЖЫЛ – ҮЛКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖЫЛЫ.

2021 жылдың 27 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры М.В.Слесарь «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығы Кеңесінің онлайн-отырысына қатысты.

Отырыс халықаралық әдістемелік орталықтың жаңа серіктестерін таныстырудан басталды. 2021 жылы бес жаңа ұйыммен ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасалды: «Брест облысының білім беруді дамыту институты» МБМ, Беларусь Республикасы; Ханты-Мансийск автономиялық округі – Югра, «Білім беруді дамыту институты» АМ ҚКБ, Ресей Федерациясы; «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Қазақстан Республикасы; «Амур облыстық білім беруді дамыту институты» Мемлекеттік автономды қосымша кәсіби білім беру мекемесі, Ресей Федерациясы; «Башқұртстан Республикасының білім беруді дамыту институты» МАМ ҚКБ.

Сайлау күні - ел үшін маңызды күн!

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бұл біздің таңдауымыздың тарихи күні! Бұл күннің қорытындысы еліміздің одан әрі дамуына, оның тағдырына әсер етеді!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ғимаратында №11 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Филиал директоры  М.Слесарь «Нұр Отан» партиясының сенімді тұлғасы ретінде партияның мүдделерін білдіріп, жауапты міндетті орындады.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН "ENGLISH PROFICIENCY" АШЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

2020 жылдың 27 қазаны мен 02 қарашасы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында  ағылшын тілі мұғалімдері үшін «English  proficiency» атты ашық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарламалардың идеяларын ілгерілету және дамыту, ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету болды.

Олимпиада 30 тапсырмадан тұратын тест түрінде өтті, олардың әрқайсысына ұсынылған 5 жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау керек болды.

Олимпиадаға Қостанай облысы, республикамыз, Ресей облыстарынан 827 мұғалім қатысты.

1 дәрежелі дипломды (29-30 балл) 13 адам алды; 27-28 балл (2 орын)  12 адам жинады; 3 орынға (25-26 балл) 55 қатысушы ие болды.

«ТҰРАҚСЫЗ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Тұрақсыз заманауи әлемде тұлғаны дамыту» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция ұйымдастырушысы - Челябі мемлекеттік мәдениет институты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы директоры М.В.Слесарь пленарлық отырыста  «Педагогтің көпэтномәдениетті құзыреттілігін қалыптастыру, өскелең ұрпақтың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде» маңызды тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Сингапур, Қытай, Лондон өкілдері қатысты. Қатысушылар барлық мемлекеттер үшін тұрақсыз әлемдік жағдайда жас ұрпақты тәрбиелеу және дамыту туралы маңызды тақырыпта әңгіме жүргізді.

ШЕБЕР-СЫНЫП ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында қашықтықтан оқыту жағдайында дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау мақсатында «Инновационный урок» шебер-сыныбы  өтті.

Шеберлік сыныбына түрлі қызықты тақырыптардағы 60 жұмыс ұсынылды: ұлттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика. Бейнесабақтардың ең көп саны  «Спорттық ойындар» номинациясында ұсынылған. Онда 30-дан астам жұмыс болды.

            Дене шынықтыру мұғалімдері сабақтың қашықтан форматындағы өздерінің қызметінің тәжірибелерімен таныстырып, жоғары әдістемелік деңгейде әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін көрсетті.

Сарапшылар кеңесі ұсынылған бейнесабақтардың дерлік барлығы сапалы және әдістемелік тұрғыдан дұрыс дайындалғанын атап өтті.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us