Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

АВТОРДЫҢ ҚОЛТАҢБАЛЫҚ КІТАБЫ

Кітапханаға жаңа түскен кітап – әрқашан ерекше оқиға! Ал егер ол автордың  қолынан берілсе, онда бұл екі есе маңызды!

Педагогика ғылымдарының докторы, көптілді білім беру мәселелері жөніндегі ғалым-әдіскері, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры Мариям Рамазанқызы Кондубаеваның «Орыс тілін оқыту әдістемесі» кітабы біздің кітапханада пайда болуы осындай оқиғаға айналды.

Мариям Рамазанқызы – өте еңбекқор. Ол 16 ғылым кандидатын, 6 ғылым докторын және 2 PhD докторын дайындады. Ол – 250-ден астам жұмыстың, оның ішінде монографиялардың, электрондық оқулықтардың, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарының авторы.  Сорос-Қазақстан Қорының, Президенттік Болашақ бағдарламасының және т. б. стипендиаты болды.

ТЬЮТОРИАЛ АНДРОГЕНДІК ТЕХНОЛОГИЯ РЕТІНДЕ: ШЕШІМДЕР НҰСҚАЛАРЫ

"Өрлеу" БАҰО" АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ" директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Султангазина Г.Ж. «Тьюториал андрогендік технология ретінде: шешімдер нұсқалары» атты Халықаралық білім беру телекөпірі жұмысына қатысты.

 Қосымша кәсіптік білім беру жүйесіндегі заманауи әлемнің жаңа білім беру сын-қатерлері сапалы өзгерістерге әкеледі. Біліктілікті арттыру жүйесінде бүгін интерактивті оқыту тәсілдері іздестірілуде және әртүрлі тиімді модельдер құрылуда.

Оқушылардың қашықтан оқыту жағдайындағы жобалау-зерттеу қызметі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Қостанай қаласы әкімдігінің №8 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары И.В. Нестерованың авторлық семинары өтті. Ирина Вячеславовнаның ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда тәжірибесі мол, ол  онымен Қостанай облысының педагогтерімен қуана бөлісті. Мұғалімдер білім алушылардың жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесімен және ерекшеліктерімен танысты.

Семинар тақырыбы кездейсоқ таңдалмады, өйткені жаңа педагогикалық технологиялардың әртүрлі бағыттары арасында жобалық-зерттеу қызметі жетекші орын алады. Ол уақыт талаптарына жауап береді және білім алушылардың оқу қызметінің уәждемесі мен тиімділігін арттыру жолы болып табылады.  Шынында да, жобаны құру бойынша дұрыс өзіндік жұмыс үрдісінде оқушылардың ақыл-ой еңбегінің мәдениеті, өз білімін өз бетінше құру және ақпараттық кеңістікте шарлау қабілеті жақсы қалыптасады. Егер оқушы осы дағдылар мен біліктерді игерсе, ол өмірге, өзгеретін жағдайларға бейімделе алады, әртүрлі жағдайларда бағдарлай алады.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ ТУРАЛЫ БАРЛЫҒЫ БІР КУРСТА

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курс тыңдаушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың белсенді және интерактивті әдістерімен танысады. Заманауи сабақты жобалаудың педагогикалық технологиялары мен инклюзия жағдайында әртүрлі категориядағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқыту технологияларымен танысады. Тренермен бірге ЕБҚ бар балаларға арналған «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру», «Адам және қоғам» білім салалары пәндерін оқытудың ерекшеліктерін талдайды және инклюзивті практикада ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуді үйренеді. Олар инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жұмыс істеудің ерекшеліктері және ата-аналармен өзара әрекеттесу туралы біледі.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕШІЛЕРІН ШАҚЫРАМЫЗ

2021 ж. 30 наурыз.  «Әр түрлі білім беру қажеттіліктері бар мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін дамытушы кеңістікті ұйымдастыру» тақырыбында, оқыту орыс тілінде семинар.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін шақырамыз.

Семинар бағдарламасы:

Цифрлық әлемдегі балалардың білім беру үдерісінде мектеп дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мәселелерінде мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің педагогикалық білімін арттыру.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us