Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

Ыбырай Алтынсарин өмірінің бір күні. 1886ж.27 наурыз

Алтынсарин архивтерінен 1886 жылғы 27 наурыздағы Орынбор оқу округінің қамқоршысы Д.С.Михайлов және кеңсе билеушісі А.Орлов қол қойған «Орынбор оқу округінің қамқоршысы Торғай облысының әскери губернаторына Ы.Алтынсарин жобалаған болыстық мектептер ашу туралы қатынасы»  деген құжатты табуға болады.
Құжатта облыстағы жеті болыс мектебін құруға жұмсалатын шығындардың шамамен есептелуі көрсетілген: «...жеті болыс мектебінің бастапқы құрылысына, инспектор Алтынсариннің пайымы бойынша, шамамен 34300 руб. дейін қажет болады, ... интернсіз, инспектор Алтынсарин мырзаның пікірінше, әр болыс мектебін жыл сайын ұстау үшін 15 400 руб. қажет болады…»

Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығы және кәсіпкерлік пен бизнес негіздері -сенімді болашаққа үлес

2021 жылдың 17 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері: тәжірибе, мәселе және шешу жолдары» тақырыбындағы диалог алаңын өткізді.

Кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылауға білім беру ұйымдарының басшылары, пәнді оқытуға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының кәсіпкерлік негіздерінің тренерлері мен мұғалімдері, сондай-ақ Өңірлік университет пен өңірлік Атамекен Палатасының өкілдері қатысты. Алаң қызметі аясында мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығы мен кәсіпкерлік негіздерін арттыруда практикалық тәжірибенің өзекті мәселелері, проблемалары мен оларды шешу жолдары көтерілді.

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ: ТӘЖІРИБЕ, МӘСЕЛЕ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» ДИАЛОГ АЛАҢЫ

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру мекемелерінің басшыларын, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлерін, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімдері мен тренерлерін 2021 жылдың 17 наурызында сағат 11.00 өткізілетін «Қаржылық сауаттылық және бизнес негіздері: тәжірибе, мәселе және шешу жолдары» тақырыбындағы диалог алаңына қатысуға шақырады.

Диалог алаңы барысында білім алушылардың қаржылық сауаттылығы мен кәсіпкерлік негізін дамытуға арналған жолдарды ұсынып, өзекті сұрақтарды талқылау жоспарланып отыр.

Диалог алаңының спикерлері:

БІЗДЕ БАЙҚАУ БАСТАЛАДЫ! ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» МДБ әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбиеленушідегі SOFT SKILLS: әдістемелік жинақ» үздік әдістемелік әзірлемелер облыстық байқауын өткізеді.

Байқау:

-озық педагогикалық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік береді;

-тәрбие және оқыту практикасындағы инновациялық үлгілерді таратуға мүмкіндік жасайды;

-soft skills дағдыларын дамыту бойынша педагогикалық практикада қолдану, өз тәжірибесінде педагог уәжін қалыптастырады;

- озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға көмектеседі;

-мектепке дейінгі тәрбие және оқыту практикасына заманауи педагогикалық технологияларды ендіруге ықпал етеді.

"ПЕДАГОГТЫҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЕГІЗДЕРІ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Педагогтың публицистикалық қызметін табысты жүзеге асыру негіздері» тақырыбында практикалық семинарлар өтті.

Бүгінгі таңда педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары белсенді публицистикалық қызметті талап етеді. Көптеген қатысушылар үшін бұл іс әлі де таныс және пысықталған болып табылмайды. Сондықтан аталған семинар тақырыбына мектептердің, колледждердің, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлері үлкен қызығушылық танытты.

            Педагогикалық публицистика тақырыбына ену тыңдаушыларға бар білімдерін құрылымдауға және кейбір журналистік дағдыларды игеруге мүмкіндік берді. Тыңдаушылар  үшін ғылыми мақалаларды жазу бойынша уақтылы және практикалық ұсыныстар жасалды, ал ашық қол жетімді ғылыми ақпараттық ресурстарға экскурс олар үшін маңызды жаңалық болды.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us