Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Тіл саясатын насихаттау және тіл мәртебесін арттыру

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жусупова Ғалия Сапарбекқызы «Sanaly urpag -2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған диалог алаңына қатысты. Іс-шара  мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің мәртебесін, сұранысы мен беделін арттыруға бағытталған.  

Тіл саясатын насихаттау -  мемлекетіміздің жаһандық тақырыптарының бірі. Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік тілге баса назар аударыла отырып, республика халықтарының ана тілдерін дамытуға көңіл бөлінуде.

 Ғалия Жусупова еліміздегі тіл саясатының маңыздылығы туралы сөз сөйлеп,  «тіл саясаты тіл мәселелерін шешудің, оның тиімділігі мен нәтижесін іс жүзінде дәлелдеудің белсенді факторына айналуы керек. Елімізде бірыңғай тіл саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіру қажет. Мемлекеттік тілдің беделі, оны меңгеру әрбір азаматтың өмірлік қажеттілігіне, қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігіне айналатындай деңгейге көтерілуі тиіс ..» деген пікірін білдірді.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us