Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Шағын жинақты мектеп педагогтерін кәсіби дамыту

«Өрлеу» Қостанай филиалының директоры Марионелла Слесарь «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысында сөз сөйледі.

Күн тәртібінде облыстың шағын жинақты мектептерінің қызметі және орта білім беру жағдайындағы инклюзивті білім беру туралы маңызды мәселелері талқыланды.

Марионелла Васильевна «Өрлеу» Қостанай филиалының шағын жинақталған мектеп педагогтерінің кәсіби дамуы үшін жағдай жасау бойынша қызметі туралы айтып, шағын жинақталған мектептермен филиал жұмысының екі бағытына назар аударды, олар: біліктілікті арттыру курстарында оқыту және іс-шаралардың кең аясын қамтитын курстан кейінгі сүйемелдеу.

 Филиал тренерлері курстан өткеннен кейін педагогтермен үнемі өзара қарым-қатынаста болып, кәсіби өсу нәтижелерін бақылап қана қоймай, сонымен бірге оларға уақытылы қажетті әдістемелік көмек көрсететінін де атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Қостанай филиалы облыстардың, республиканың, жақын және алыс шетелдердің әртүрлі ұйымдары мен мекемелерімен ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарға аса көңіл бөледі. Бұл шағын жинақталған ауыл мектеп педагогтерінің іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, инновациялық педагогикалық тәжірибені таратуды ұйымдастыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us