Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«Қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру» дөңгелек үстелі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Марионелла Слесарь А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ұйымдастырған «Психикалық денсаулық: заманауи шындығы, тенденциясы және болашағы» атты Халықаралық ғылыми on-line - конференциясы шеңберіндегі дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Конференция бірнеше бағыт бойынша өтті: пленарлық отырыс, диалог алаңы, дөңгелек үстел және оқыту семинары. Оған Румыния, Греция, Германия, АҚШ, Ресей және Қазақстанның ғалымдары қатысты.

 «Қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру» дөңгелек үстелінің жұмысы барысында Қостанай облысындағы Хабардарлық онкүндігінің қорытындысы шығарылды.

Сөз сөйлеуінде Марионелла Слесарь «Өрлеу» Қостанай филиалы инклюзивті білім беру тақырыбы аясында жүргізген жұмыстары туралы айтты. Өткізілген курстар, курстан кейінгі іс-шаралар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің әдістемелік қолдауы және хабардарлық онкүндігінің жоспарын іске асыру туралы айтылды.

Қатысушылар белсенді болды, олар психикалық денсаулықты қорғау және инклюзивті мәдениетті қалыптастыру саласындағы жұмыс тәжірибелерімен және заманауи тәсілдерімен алмасты.

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us