Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Ы.Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің негіздері

«Өрлеу» Қостанай филиалында «Ы.Алтынсариннің ағартушылық мұрасы және заманауи білім беру» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылық негіздері» атты секциясы өтті.

Үлкен ұйымдастырушылық жұмыс және 8 спикер ZOOM-конференциясында педагогтардың толық залын жинады. Олардың баяндамалары жақсы безендірілген және өзіндік ерекшеліктерге бай болды.

Мәселен, Рудный қаласы Б.Майлин атындағы мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Бірманова мектепте Алтынсариннің негізгі педагогикалық принциптеріне негізделген тәрбие жұмысының қолданыстағы моделін ұсынды.

Ардақ Абдуллина, доцент, Арқалық педагогикалық институтының оқытушысы баяндамасында ағартушының педагогикалық көзқарастарына негізделген тәрбие жұмысының бірқатар заманауи, жаңа идеяларын атап өтті.

 Білім берудің қазіргі тенденциялары мен мәселелерінің Алтынсарин ілімімен байланысын көрсететін мұғалім тұлғасы туралы, педагогикалық шеберлік, білім беру процестері және балалардың өзін-өзі билеу және өмірде өзін-өзі танытуға дайындығы туралы қызықты бақылауларын баяндамашылар Лисаков қаласы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Зумрат Асанова және Жезқазған орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әйгерім Жұмабаева көрсетті.

«Қостанай дарыны»  Өңірлік ғылыми-практикалық орталығы директоры  Наталья Рябинина, Семей қаласы «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК көптік-ұйымдастыру жұмыстарының әдіскері Ляззат Жунусова баяндамаларындаАлтынсариннің өмірі мен шығармашылығын зерттеуде педагогтердің де, балалардың да қызығушылығының мысалдары келтірілді. Бұл Алтынсарин мұрасын зерттеу мен оларға қайта мән беруде балалар мен жастардың үлкен әлеуеті мен шығармашылық көзқарасын дәлелдейтін мысалдар.

Жалпы, тыңдаушы қатысушылардың жоғары бағасына ие болған секция жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өміршеңдігі мен өзектілігін тағы да дәлелдеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us