Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«Инклюзивті білім беру – әр түрлі білім беру жүйелерінде теориялық негіздер мен практикалық іске асыру»

Филиалда  «Инклюзивті білім беру – әр түрлі білім беру жүйелерінде теориялық негіздер мен практикалық іске асыру» тақырыбында семинар аяқталды.

3 күн бойы облыс мұғалімдері инклюзивті оқытуда өз білімдерін байыта түсті. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «№ 2 Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ педагогтері мен қызметкерлері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.  Өздерінің шеберлік сыныптары мен сабақтарында ЕҚБ балалармен қалай жұмыс істеуге болатындығын, оларды білім беру процесіне қалай қосуға болатындығын көрсетті. Балалармен үйде жұмыс жасауға ерекше назар аударылды.

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ·Инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
  • ·Интеграцияланған/инклюзивті білім беру ортасында білім беру процесін ұйымдастыру.
  • ·ЕҚБ балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың заманауи тәсілі мен талаптары.

ЕҚБ балалар ерекше көңіл бөлу мен қолдауды қажет етеді. Біздің мұғалімдерге әлі көп нәрсені үйренуі керек, бірақ бастысы, олар күн сайын осы мәселе бойынша жұмыс жасауға дайын. Барлық балалар білім алып, біздің әлемде өздерін қажет екенін сезінетіндей ету қажет.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us