Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«БИОЛОГИЯ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН PISA ТАПСЫРМАЛАРЫ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІЗДЕНІС»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстандық оқушылардың PISA - 2018 халықаралық зерттеуіне қатысу нәтижелері: жетістіктері мен сәтсіздіктері» тақырыбындағы республикалық вебинарға біздің филиалдың тренері ЖжГПО кафедрасының аға оқытушысы А.Н.Мускина қатысты. Ол «Биология сабағына арналған PISA тапсырмалары. Педагогикалық ізденіс» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстандық оқушылардың PISA - 2018 халықаралық зерттеуіне қатысу нәтижелері бойынша кездескен сәтсіздіктерге, қиыншылықтарға тоқталып, алдын алу және шешу жолдарын ұсынды.
Вебинар барысында педагогтар да өз тәжірибесімен бөлісіп, сабақ құрастыруда тиімді тапсырмаларды қалай ойластыратындарын айтып кетті.

Жалпы вебинар өзекті тақырыпта өткізілді. Әлі де өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Вебинарды ұйымдастырған Қарағанды филиалына алғысымызды айтамыз.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us