Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында тікелей эфирде тренер Заминова И.П. және Рудный қаласы әкімдігінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі  Е.В.Сарсенбаевамен  оқушылардың білімін  толтыру мақсатында онлайн-кездесу өтті.
Ағымдағы жыл басында «Өрлеу» БАҰО» АҚ материалды игеру процесінде оқушылардың қиындықтарын болдырмау үшін күрделі тақырыптарды оқытуда мұғалімдерге көмектесуге арналған жобаны іске қосты.
Педагог Елена Сарсенбаева грамматиканы тиімді қайталау және  The human brain. Intelligent energy storage тақырыптарын оқу әдіс-тәсілдері туралы айтып, 11 сынып оқушыларымен өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Көбінесе ағылшын тілі мұғалімдерінде оқушыларға жоғары сынып тақырыптарын игеруге қалай көмектесуге болатындығы туралы мәселе туындайды. Елена Васильевна тікелей эфирде лексиканы игерудің маңыздылығы туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар осы тақырыпты зерттеуде тиімді әдістерді қолдануды көрсетті, әдістемелік материалдарды, өз жұмысында пайдаланатын тәсілдерді және қосалқы ресурстарды ұсынды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының пән оқытушылары мен тренерлерінің «Оқу пәндерінің күрделі тақырыптары: ұйымдастыру, әдістеме, игеру мониторингі» атты апта сайынғы онлайн-кездесулері мұғалімдерге күрделі тақырыптарды оқытудың техникалары мен әдістемелерінің жиынтығын кеңейтуге және өздері үшін материал берудің неғұрлым тиімді құралдарын таңдауға көмектесуге арналған.
Егер сіз онлайн-кездесуді тікелей эфирде көре алмаған болсаңыз, онда сізде әлі ондай мүмкіндік бар, эфир Facebook парақшасында сақталған.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us