Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНДЕГІ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДИАЛОГ АЛАҢЫ

14 сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелері бойынша диалог алаңы өткізілді.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, үш мемлекеттің өкілдері қашықтықтан оқыту кезеңінде мектеп оқушыларының білімдерінде  олқылықтардың пайда болуы жөніндегі өзекті мәселені талқылау үшін дөңгелек үстел басында онлайн және офлайн форматта жиналды.

Диалог алаңы екі кезеңде өтті: пленарлық бөлімі мен секциялық жұмыс, онда облыстың білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер және халықаралық серіктестер оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысын ұйымдастырудың маңызды аспектілерін кәсіби қарым-қатынас барысында талқылады.    

Білім беру ұйымдарының осы бағыттағы жұмысының аралық қорытындылары шығарылып, міндеттері қойылды. Диалог алаңына қатысушы Петренко Е.А., психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының басшысы қашықтықтан оқытудан штаттық режимге көшу кезеңінде білім алушылардың бейімделу процесін психологиялық сүйемелдеу туралы айтып, қазіргі кезеңде балалар мен ата-аналарды толғандыратын проблемаларды және олармен жұмыс істеу әдістерін атап өтті. А.Байтұрсынов атындағы  Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты директоры м.а. Утегенова Б.М. оқушылардың білімін толықтыру бағытындағы жоо-ның қызметімен бөлісті.

Аудандық және облыстық әдістемелік кабинеттердің өкілдері С.Б. Байдильдина және О. В.Бурушпаеваның баяндамаларынан диалог алаңының қатысушылары облыс және аудан деңгейінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білді. Омбы облысының білім беруді дамыту институты ББМ ҚКБ жаратылыстану-география және технологиялық  білім беру кафедрасы меңгерушісі  Борисова Н.В. Ресей оқушыларының білімін толықтыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Трансляция «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалының facebook парақшасында жүргізілді, ал егер сіз қандай да бір себеппен тікелей эфирді көре алмаған болсаңыз, онда пленарлық және секциялық жұмыстың бейнежазбасын көріңіз.

 

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us