Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ОНЛАЙН-ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да 14 сәуір күні  білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелері бойынша онлайн-дөңгелек үстел өтеді.

Пандемия және қашықтықтан оқыту форматында оқыту - оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізіп, білімдегі олқылықтардың пайда болуына әкелді.
14 сәуірде дөңгелек үстелге  білім беру ұйымдарының басшылары, облыс педагогтері және филиалдың халықаралық серіктестері кәсіби қарым-қатынас жасау және білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі аспектілерін талқылау мақсатында қатысатын болады.
Дөңгелек үстел аясында келесі маңызды мәселелер талқыланады:

білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру: басқарушылық аспект.
білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру: психологиялық аспект.
білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыстың нысандары мен әдістері.
білім алушылардың білімдеріндегі кемшіліктер мен олқылықтарды анықтау және жою бойынша жұмыс тәжірибесі.
Өткізу форматы: онлайн

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us