Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ БІР КУРСТА

2021 жылдың 29 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» базасында мектеп кітапханалары мен колледж кітапханаларының кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілді. «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ басшысы Дариха Төребайқызы  Дюсибаеваның «Орта және кәсіптік білім беру жүйесінің кітапханаларында медиа және цифрлық сауаттылыққа оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы авторлық курсы уақыт талаптарына негізделген және медиасауаттылық саласындағы жаңа ұғымдарды ескере отырып, білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың жаңа аспектілерін ұсынды.
Курстың нормативті-құқықтық модулін зерделеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Айман Әлиқызы Насыровамен кездесу өтті, ол өз командасымен бірге 2020-2025 жылдарға арналған ҚР орта білім беру жүйесінің кітапханаларын перспективалық дамытудың Кешенді жоспарының негізгі әзірлеушілерінің бірі болып табылады. Әңгіме осы саладағы басты өзгерістер мен «Оқитын мектеп» жобасы туралы болды.


Ұйымдастырылған «Кітапхананың әлеуметтік желілері кітап пен оқуды ілгерілету құралы ретінде» атты онлайн-семинар курс тыңдаушылары үшін шарықтау сәті болды, семинарда әлеуметтік желілерде кітап пен оқуды ілгерілету бойынша медиа-кеңістікте жұмыс жасайтын қазақстандық, ресейлік және украиндық әріптестердің үздік тәжірибелері ұсынылды. Курс аясында алған білімдерін тыңдаушылар әлеуметтік желілерде ақпараттық медиаконтентті талдау, әзірлеу және жариялауды қамтитын практикалық тапсырмаларда іске асыра алды.


 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us