07/04 2021
7 сәуірден бастап "Өрлеу" БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың үздік педагогтерімен бірлесіп мектеп бағдарламасының күрделі тақырыптарын талдау бойынша стриминг алаңдарын өткізетінін сіздерге қуана хабарлаймыз. Қатысуға ниет білдірушілердің барлығын біздің Facebook парақшамызда күтеміз.
☝️ Өткізу кестесі мен талқыланатын тақырыптар әр дүйсенбі сайын біздің әлеуметтік желілерде жарияланады. Алаң жұмысы тікелей эфирде өтеді, барлық қызықтыратын сұрақтарыңызды видеоның астында комментарийлерде қоя аласыздар. Сонымен қатар эфирдің бейнежазбасын көруге болады .