Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ФЕДОРОВ АББ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Федоров ауданының АББ Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры М.В. Слесарь «2020-2025 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы педагогтердің біліктілігін арттырудың негізгі бағыттары мен міндеттері туралы» баяндама жасады. Отырысқа аудандық білім бөлімінің басшысы және аудандық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Филиал директоры М.В.Слесарь институттың 2021 жылға біліктілікті арттыру жұмысы туралы айтты.

Білім беру бағдарламаларын жаңғырту, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін цифрландыру, педагогтерді курстан кейінгі қолдау және оны өткізу формаларын жетілдіру, филиалдың педагог қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби өсуі үшін жағдай жасауы бойынша іс-шараларын іске асыру облыс педагогтері үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады. Осы маңызды мәселелер жайында айтып, Марионелла Васильевна  жыл сайын халықаралық ынтымақтастық аясында педагогтер үшін үлкен мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы осы бағытта шетелдік білім беру ұйымдарымен меморандумдар жасай отырып, тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Баяндамасында Федоров ауданының белсенді мұғалімдерін атап өтіп,  М.В.Слесарь аудандық білім бөліміне ынтымақтастық, жоғары кәсібилік және шығармашылық бастамалар үшін алғыс айтты.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us