Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік жолындағы миссия

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушылары Истомина Наталья Семеновна мен Мускина Айнұр Нурланқызы «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерейтойына және Алматы қаласы Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты ашылуына арналған, "Бөбек" ҰҒПББСО ұйымдастырған «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік жолындағы миссия» атты халықаралық форумына қатысты.

Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, өңірлік білім басқармаларының өкілдері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен өзін-өзі тану мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығы, оқушылар мен студенттер қатысты.

 Халықаралық форум Сара Алпысқызы Назарбаева туралы «Сүйіспеншілік нұрынан жаралған…» атты мерейтойлық фильммен және оның қатысушыларды құттықтау сөзімен басталды.

Форумда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова,  «Бөбек» ҰҒПББСО  бас директоры Елена Сакенова,  «Адамның үйлесімді дамуының Ұлттық институты» президентінің міндеттерін атқарушы  Ирина Калачева құттықтау сөз сөйледі

Сондай-ақ құрметті тұлға, Халықаралық гуманистік педагогика орталығының президенті Шалва Александрович Амонашвилимен кездесу форумның көркі болды, ол өзінің шынайылығымен, тәжірибесімен және даналығымен, тіпті онлайн да позитив және мейірімділікпен қуаттайды.

Онлайн-форматында өтуіне қарамастан, форумда мейірімділік, махаббат пен бақыт, жылулық атмосферасы сезілді. Адам жанының нағыз жанасуы!

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us