Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

Өзін-өзі тану жасампаздық көзі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Истомина Н.С., Мускина А.Н. ТжКБ білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған «Өзін-өзі тану жасампаздық көзі» тақырыбындағы облыстық семинар-коучингке белсенді қатысты.

Семинар-коучингтің теориялық бөлімінде «Өзін-өзі тану» пәнінің психологиялық-педагогикалық аспектілері, абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну арқылы жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының әдістемелік ерекшеліктері ашылды.

 Практикалық бөлім шығармашылық шеберхана барысында педагогтердің практикалық дағдыларын жалпыадамзаттық құндылықтарды түрлі оқу пәндерімен интеграциялау мысалдарын құрастыруға мүмкіндік берді.

Біздің ортақ ісіміз – өскелең ұрпақты Ақиқат, Ізгілік және Махаббат заңдарына сәйкес тәрбиелеу. Біздің педагогикалық еңбегіміз балалардың жүрегі мен санасында жалғасын тапсын және олар әлемді өзгертіп, оны қуанышты, мейірімді және жарқын етсін!

 

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us