«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары Солтүстік Қазақстан облысы және Қостанай облысы ПҚ БАИ және «Педагогикалық шеберлік академиясы: ХХІ ғасыр дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығымен бірлесе отырып «Екі ғылымның қиылысында» тақырыбындағы биология химия пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада 2021 жылдың 29 қаңтарында өтеді. Уақыты – 45 минут. Олимпиадаға тіркелу сол платфомада жүргізіледі
Олимпиадада ең жоғары балл жинаған педагогтар жеңімпаз болып табылады. Олимпиадаға тек БІР рет қана қатысуға болады. Жүлделі орындарды анықтау барысында ең алғашқы нәтиже есептелінеді.
Қатысушының аты –жөні мен алған ұпайы жазылған сертификаттарды олимпиаданы аяқтағаннан кейін бірден жүктеп алуға болады. Сертификатты олимпиада сұрақтары аяқталғаннан кейін бірден сол сервистен жүктеп алу керек.
Олимпиада ашық және тегін. Олимпиада ережесі, қорытындысы туралы ақпараттар www.orley-kost.kz сайтында жарияланады.
Comments
Химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған олимпиада ережесінде:
1-орын 29-30 ұпай
2-орын 26-28 ұпай
3-орын 23-25 ұпай
деп көрсетілген. Мен 26 ұпай жинадым 3 -орынға түсіп қалыппын.
Биология пәнінде 22 ұпай жинаған мұғалімдер 2 орынға ілегіп кеткен.
Себебін білгім келеді, әлде шатастыңыздар ма?
Байланыс нөмерім: 8 707 724 45 83
Сіздерден жауап күтемін
RSS feed for comments to this post