Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

АЛТЫНСАРИН МЕРЕЙТОЙ ЖЫЛЫНА АРНАЛАДЫ

27 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы, директоры Слесарь М.В. тұлғасында Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында онлайн режимде өткен «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, демократ, педагог» атты әдеби - педагогикалық көрмесінің тұсаукесеріне қатысты. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» өз кітап қорының бірегей әдебиетін ұсына отырып, осы көрмені ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.

 Тұсаукесерге мәдениет қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан  Қалмақов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметов; прозашы, белсенді қоғам қайраткері - Александра Суслова, студенттер мен оқушылар қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалының директоры Марионелла Васильевна Слесарь өз сөзінде «Өрлеу» Қостанай филиалы педагогтермен, курстар тыңдаушыларымен Ұлы Ыбырай мұрасын насихаттау бойынша бірлесіп жүргізген жүйелі жұмыстарға шолу жасады.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметіне өзінің жеке көзқарасын Марионелла Васильевна: «Ыбырай Алтынсаринге өз көзқарасы» елінің тағдырына жаны ашитын әрбір мәдени адамда бар шығар. Алтынсариннің тұлғасы педагог және белсенді азамат ретінде маған әрқашан қызықты болды. Өмірдің түрлі кезеңдерінде Алтынсариннің педагогикалық және гуманитарлық мәдениет мәселелеріне деген көзқарасын ерекше қызығушылықпен зерттедім. Алтынсарин шығармашылығындағы үндес ойлар мен жолдардын бақылап, өскелең ұрпақтың полиэтникалық мәдениеті мәселелерін зерттеп жүрдім»,-  деген сөздерімен білдірді.

 2021 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған көптеген қызықты іс - шаралар жоспарланған. «Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, демократ, педагог» көрмесі - біздің ұлы жерлесімізге арналған барлық үлкен оқиғалардың бастамасы ғана.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us