Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІНДЕГІ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДИАЛОГ АЛАҢЫ

14 сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелері бойынша диалог алаңы өткізілді.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, үш мемлекеттің өкілдері қашықтықтан оқыту кезеңінде мектеп оқушыларының білімдерінде  олқылықтардың пайда болуы жөніндегі өзекті мәселені талқылау үшін дөңгелек үстел басында онлайн және офлайн форматта жиналды.

Диалог алаңы екі кезеңде өтті: пленарлық бөлімі мен секциялық жұмыс, онда облыстың білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер және халықаралық серіктестер оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысын ұйымдастырудың маңызды аспектілерін кәсіби қарым-қатынас барысында талқылады.    

ОНЛАЙН-ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да 14 сәуір күні  білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелері бойынша онлайн-дөңгелек үстел өтеді.

Пандемия және қашықтықтан оқыту форматында оқыту - оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізіп, білімдегі олқылықтардың пайда болуына әкелді.
14 сәуірде дөңгелек үстелге  білім беру ұйымдарының басшылары, облыс педагогтері және филиалдың халықаралық серіктестері кәсіби қарым-қатынас жасау және білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі аспектілерін талқылау мақсатында қатысатын болады.
Дөңгелек үстел аясында келесі маңызды мәселелер талқыланады:

2021 жылдың 6 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай олбысы бойынша ПҚ БАИ биология пәні мұғалімдеріне арналған «Саралап оқыту тәсілдерін сабақтарда қолдану мәселелері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

2021 жылдың 6 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай олбысы бойынша ПҚ БАИ биология пәні мұғалімдеріне арналған «Саралап оқыту тәсілдерін сабақтарда қолдану мәселелері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарда тәжірибе жүзінде саралап оқыту тәсілдерін үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс жасауда тиімді қолдану жолдары қарастырылды. Мұғалімдер оқушылардың үлгірімінің төмендеу себептері, олармен жұмыс жасау жүйесі туралы ой бөлісті. Семинар барысында үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс жасауды 9 бағытта қарастырып, әр бағытына мысалдар келтірілді. Осы бағытта әлі де тапсырмаларды кіріктіріп тәжірибелік семинарлар өз жалғасын табады деп жоспарланды.

7 сәуірден бастап "Өрлеу" БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың үздік педагогтерімен бірлесіп мектеп бағдарламасының күрделі тақырыптарын талдау бойынша стриминг алаңдарын өткізетінін сіздерге қуана хабарлаймыз.

7 сәуірден бастап "Өрлеу" БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы облыстың үздік педагогтерімен бірлесіп мектеп бағдарламасының күрделі тақырыптарын талдау бойынша стриминг алаңдарын өткізетінін сіздерге қуана хабарлаймыз. Қатысуға ниет білдірушілердің барлығын біздің Facebook парақшамызда күтеміз.

☝️ Өткізу кестесі мен талқыланатын тақырыптар әр дүйсенбі сайын біздің әлеуметтік желілерде жарияланады. Алаң жұмысы тікелей эфирде өтеді, барлық қызықтыратын сұрақтарыңызды видеоның астында комментарийлерде қоя аласыздар. Сонымен қатар эфирдің бейнежазбасын көруге болады .

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ БІР КУРСТА

2021 жылдың 29 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» базасында мектеп кітапханалары мен колледж кітапханаларының кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілді. «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ басшысы Дариха Төребайқызы  Дюсибаеваның «Орта және кәсіптік білім беру жүйесінің кітапханаларында медиа және цифрлық сауаттылыққа оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбындағы авторлық курсы уақыт талаптарына негізделген және медиасауаттылық саласындағы жаңа ұғымдарды ескере отырып, білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың жаңа аспектілерін ұсынды.
Курстың нормативті-құқықтық модулін зерделеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Айман Әлиқызы Насыровамен кездесу өтті, ол өз командасымен бірге 2020-2025 жылдарға арналған ҚР орта білім беру жүйесінің кітапханаларын перспективалық дамытудың Кешенді жоспарының негізгі әзірлеушілерінің бірі болып табылады. Әңгіме осы саладағы басты өзгерістер мен «Оқитын мектеп» жобасы туралы болды.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us