Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

Педагогикалық таныстырылымдар фестивалі аяқталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да педагогикалық таныстырылымдардың екінші қашықтық фестивалі аяқталды.Фестиваль инновациялық педагогикалық идеяларды іздеу және дамыту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, Қостанай облысы педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Фестивальге Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының әдіскерлері, МҰ тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары қатысты.

Фестиваль барысында республика педагогтары 180 оқу-әдістемелік әзірлеме ұсынды. Фестивальдің барлық қатысушылары атаулы сертификаттармен мадақталды. Сертификаттарды https://cloud.mail.ru/public/6tFp/xzSbddcAu сілтемесі бойынша филиал сайтынан жүктеп алуға болады.

ТРЕНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЫ

 Қазақстан бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалдарының оқытушыларына арналған «Тренерлердің кәсіби бағдары» семинары басталды.  Семинарға барлық филиалдардан 315 қызметкер, оның ішінде Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ "Өрлеу" филиалының 16 қызметкері қатысады.

            Семинар бойынша оқыту педагогикалық шеберлік орталығы базасында Бастауыш және қоғамдық-гуманитарлық цикл оқытушылары мен жаратылыстану-математикалық цикл оқытушылары үшін жүргізіледі.

            Сабақ білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған, онда біздің филиалымыздың оқытушылары жаңа оқу бағдарламаларын, ұзақ мерзімді жоспарлардың құрылымы мен мазмұнын, белсенді оқыту әдістерін, критериалды және жиынтық бағалауды үйренеді. Оқыту концептуалды тәсілдер негізінде барлық кезеңдер бойынша пәнішілік және пәнаралық интеграцияны ескере отырып, сабақтарды жоспарлау бойынша өтеді. Семинар барлық филиалдардың оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған.

ҚОСТАНАЙ ЖЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫМЕН

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен өтіп жатқан  «Қостанай жерінің жолдарымен» атты топонимикалық саяхат аяқталу үстінде. Осы іс-шараға қатысып ат салысқан бізден басқа 36 қатысушы Қостанай облысындағы өлкетану жерлерінің Гугл-картасын құрысты.

Жобаға қатысушылар туған өлкенің қызықты жерлерін тауып, олар туралы тың деректерді анықтады, матариалдар, фотосуреттер дайындау арқылы әңгімелер айтты, өз белгілерін картаға түсірді.  Сөйтіп, біздің картамызда Қостанай облысының ауылдары мен қалаларының, өзен-көлдерінің тарихынан сыр шертетін Алексеев тұрағы (Рудный қ.), Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп (Жанкелдин ауданы) белгілері пайда болды. 

ФИЛИАЛ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР

"Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапхана қорынан мұғалімдердің назарын бірегей басылымға аударамыз!

Л. Толстой атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан бізге сыйға тартқан Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 6 томдық шығармалар жинағы - педагогтар мен оқушылардың өлкетану зерттеу жұмыстарына арналған тамаша ақпарат көзі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген жиын Шоқанның белгілі еңбектері - жол жазбалары, саяхат күнделіктері, жазбалар, мақалалар, Шығыс Түркістанның және Орталық Азияның шектес аудандарының тарихы, экономикасы, саясаты, географиясы бойынша зерттеулер, сондай-ақ Қытайдан әкелінген жаңа артефактілер мен мұрағат материалдары және т.б. жинақталды.

«МЕНІҢ ӨЛКЕМ ТУРАЛЫ ҚҰПИЯ ПАРАҚТАР СЫР ШЕРТЕДІ» АТТЫ ДАУЫСТАП ОҚУ ЖОБАСЫ Қатысқандарыңыз үшін рахмет!

«Менің өлкем туралы құпия парақтар сыр шертеді» атты туған өлкедегі әдебиетті дауыстап оқу жобасы аяқталды.

Жоба 2018 жылдың қаңтарында Елбасы Н. Назарбаевтың «Туған жер» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында басталды. Қостанай өлкесінің ең қызықты әдебиет үзінділерін «дыбыстандыру» ұсынылды. Әрбір тілек білдіруші Қостанай жерінің мақтаныштары - Ыбырай Алтынсарин, Ғафу Қайырбеков, Бейімбет Майлин шығармаларын дауыстап ғана емес, олар бүгінгі күнгі -  Ақылбек Шаяхмет, Серікбай Оспанов, Александра Сусловой және көптеген басқа да ақындар мен прозашылардың есімдері біреу үшін белгілі және құрметті, енді біреу үшін сыйлы болған ақындардың өлең жолдарын бейнеге түсіре алды.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us