Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ»

 Қазақтардың халық педагогикасының идеяларын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жаңғырту және пайдалану өзектілігі бүгін ешкімнің де күмәнін келтірмейтіні анық. Тәрбие мектеп реформасының маңызды құрамдас бөлігі болуы тиіс, өйткені қазақ халқының барлық салт-дәстүрлерінің, бүкіл даналығының үлкен тәрбиелік мәні бар.  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» кітапхана қорының базасында «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ»  деп аталатын виртуалды көрме жасалған және білім беру жүйесінің педагогтары  үшін ұсынылады. Көрмеде этнопедагогиканың ғылым ретіндегі теория мен практикасы бойынша басылымдар және де этномәдениеттің көптеген аспектілерін зерттеуге мүмкіндік беретін, педагогтар қызметінде пайдаланылатын басылымдар ұсынылған.

Көрме 2 бөлімнен тұрады. Көрменің бірінші бөлімі – кітапхана қорының әдебиеттерін ұсынады. Екінші бөлімі – ғылыми және ақпараттық-әдістемелік журналдарының, деректер қорының мақалаларынан тұрады.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

2019 жылдың 26 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының  базасында білім берудің жаңартылған мазмұны аясында бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жалғасуда. Оқыту біліктілікті арттыру институтының аға оқытушылары Л. В. Климбей, Г. К. Бекмаганбетова, Г. С. Жусупова, Г. А. Ділдибекова жаттықтырумен жүргізіледі.

Курстың мақсаты: педагогикалық шеберлікті жетілдіру және критериалды бағалауды енгізу.

Курс тыңдаушылары сабақ барысында бастауыш сыныптар, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларының құрылымымен, оқыту әдістемесімен, пәнаралық интеграциямен танысады.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДІҢ «ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТАР

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің «орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша біліктілік арттыру курстарын өткізді.

Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқу бағдарламасы мен критериалдық бағалау жүйесін енгізу аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін шыңдау.

Курстарды өткізу барысына ой шолып, білім беру ісін реформалау мәселесін талдау міндеті қойылды. Мұғалімдер құрылымдарды қарастырды, педагогикалық әдіс-амалдарды айқындады, бағалау тетіктеріне тоқталып, пәннің оқу бағдарламасы аспектілеріне көңіл бөлді.

«БІРГЕ ОҚИЫҚ» отбасы болып оқу LONG-мобы. Қорытындысын шығарамыз

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты өскелең ұрпақты балалар әдебиетінің үздік туындыларын отбасы болып оқу тәжірибесі арқылы адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеуді көздеген «БІРГЕ ОҚИЫҚ» отбасы болып оқу LONG-мобы жаңа жобасының  өткізу мерзімінің аяқталғаны туралы хабардар етеді.

Конкурс ұйымдастырушылары атына 4 бағыт бойынша 200 бейнеролик келіп түсті:

  1. Менің елімнің кітабы (Қазақстан балалар әдебиетін оқу) 
  2. Ертегілер оқу уақыты (халық ертегілері мен әдеби ертегілер оқу) 
  3. 3.    Өлең жолдарына толы сандықша (халық ауыз әдебиеті өлеңдері мен шығармаларын оқу) 
  4. Қыз балалар мен ер балаларға арналған ақылды (ғылыми-көпшілік, энциклопедиялық әдебиет оқу)

«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ» - ӘЛЕМДІК ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРАМЫЗ!

Әлемдік ғылыми қауымдастыққа ықпалдастықсыз қазіргі заманғы ғылымның дамуы мүмкін емес. Бүгінгі күні  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  «Педагогика ғылымы мен тәжірибесі» ғылыми журналын халықаралық ақпараттық кеңістікте алға жылжыту үшін тағы бір маңызды қадам жасады.

Осындай бірінші қадам «Педагогика ғылымы мен тәжірибесі» журналын РИНЦ-пен ықпалдастырылған eLIBRARY.RU ғылыми жарияланымдарының ірі ресейлік электрондық кітапханасында көрсетуге арналған келісім-шарт жасау болып табылады. Қазіргі таңда «КиберЛенинка» деген тағы бір танымал ғылыми электрондық кітапханамен жаңа келісім-шарт жасалды.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us