Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Оқушылардың  қызметін шебер ұйымдастыра алатын және  бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелей алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ біліктілігін арттыру институты»  жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Кітапханада «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарын өтіп жатқан химия мұғалімдері үшін кітапхананың әдебиетімен, қызмет көрсету және мүмкіндіктерімен таныстырылым ұйымдастырылды.

Педагогика және атап  айтқанда химия пәнін оқыту әдістемесі бойынша

Ақ жол тілейміз...

 Бүгін институт кафедрасының жас, талантты және таңқаларлықтай сүйкімді аға оқытушыларына құрмет көрсетілді. Филиал директоры Марионелла Васильевна Слесарь салтанатты түрде білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының жас оқытушыларын Чирков Борис Евгеньевич пен Абидов Артур Магомедрасуловичтің педагогикалық қызметінің басталуымен құттықтап, оларға оқытушылық қызметте, шығармашылық шабыт пен кәсіби ізденісте табыс тіледі. Олар «Физика, математика, информатика мұғалімдеріне арналған робототехника негіздері» тақырыбы бойынша өздерінің алғашқы курстарын өткізді. Борис Евгеньевич және Артур Магомедрасуловичті кафедра меңгерушісі В.Ю.Дядечко, бөлім бастықтары Ж.А.Рахметов, Р.В. Худяков және педагогикалық еңбек ардагерлері С.Г.Мачнева және К.С.Тұяқова құттықтады.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және оның «Адами капитал – жаңғырту негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында, қазіргі заманғы педагогикалық қоғамды жинақтау және көпшілікке тарату, бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігінде педагогтардың ақпараттық – коммуникативтік және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында өтеді.

Маусым айынан қазан айына дейін Қостанай облысының мұғалімдері қиындықтарды еңсеріп, бейнетүсірілім мен монтаж дағдыларын игеріп, бейнесабақтар жасаумен жұмыс істеді, өйткені бұл байқау білім беру порталында өз жұмысын еліміздің үздік бейнесабақтар мен бейнедәрістер банкіне ұсынуға тамаша мүмкіндік.

«Сабақтың тиімділігі - оқушы және мұғалімнің табысқа жету ынтасы»

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына арналған  «Сабақтың тиімділігі - оқушы және мұғалімнің табысқа жету ынтасы» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. 

Вебинардың мақсаты: сапалы білім беру негізі ретінде сабақтың тиімділігін арттыруға бағытталған педагогтардың табысты инновациялық тәжірибесін тарату болды.

Вебинар жұмысында

- Қарабалық ауданы білім бөлімінің Приреченское орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елисеева Надежда Ивановна,

МҰРАҒАТШЫМЕН КЕЗДЕСУ: «БІЛУ МАҢЫЗДЫ!»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» -да 25 қазанда" істер номенклатурасын құру, істерді қалыптастыру және сақтау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Қостанай облысы Мемлекеттік мұрағатының өкілі-жоғары санатты мұрағатшы Доспаева Асель Жомартқызы сөз сөйледі.  Семинарға 25 адам, филиал қызметкерлері, іс қағаздарын жүргізуге жауапты адамдар қатысты.

Семинар Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың осы Үлгілік Ережелерін басшылыққа ала отырып, әрбір бөлімшенің жауапты адамдарына тұрақты және уақытша сақталатын істерді ресімдеуге дұрыс қарауға көмектесу мақсатында өтті.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us