Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БЕЙНЕСАБАҚТАР МЕН БЕЙНЕДӘРІСТЕР КОНКУРСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

  «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының Республикалық кезеңі басталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» youtube білім беру каналында мұғалімдердің  жұмысы шығарылды, кейін көрсетілім саны бойынша жеңімпаздары анықталады. Қатысушылардың нәтижесі сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты, әріптестер! Бейнесабақтарды бүгіннен бастап мына сілтеме бойынша көруге болады https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g/playlists?shelf_id=8&sort=dd&view=50

Бағалау критерийлері конкурс ережесінде көрсетілген: көрсетілім саны -500 -ге дейін -  0 балл; 501-ден 1000-ға дейін – 1 балл; 1001-ден – 2 балл.

LESSONSTUDYКӨШПЕЛІ КУРС НЕГІЗІНДЕ

         Қамысты ауданында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жаңашыл сабақты құрастырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы курс Lesson study форматында өткізілді. Курс барысында игерілген барлық материал әзірленген сабақ негізіне жатқызылды. Сабақтар шынайы сыныпта өтті.

Бақылау фокусы – оқушылар. Бақылау элементі – балалардың сабақ мақсатын қалыптастыруы. Мұғалім жаңа элемент кіріктіреді – балалар өздері сабақ мақсатын қалыптастырады және сәттілік критерийлерін анықтайды.

Сабақ талдауы төрт аспект бойынша өткізілді:

  • мұғалім жұмысының тиімділігі;
  • балалар нені үйренді;
  • мұғалім келесі сабақта нені жақсарта алады;
  • балаларға немен көмектесуге болады.

ОНЛАЙН-РЕЖИМДЕ ОҚУ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ

14 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да  «Мектеп кітапханасында оқудың заманауи стратегиясы» атты онлайн-семинар өтті. Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының әріптестері, Қостанай және Рудный қалалары мектептерінің кітапханашылары, сондай-ақ Ресейден келген қонақ - Архангельск облыстық ашық білім беру институтының ақпараттық-әдістемелік кітапхана орталығының директоры қатысты.

Бүгін мектеп кітапханаларының жұмысында оқу және жазу құралдарымен сыни ойлауды дамытатын педагогикалық және кітапханалық технологиялар да белсенді қолданылады. Көптеген кітапханалар осы бағытта жұмыс істей отырып, белгілі бір тәжірибе жинақтады.

ПЕДАГОГ СТАТУСЫ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2018 жылдың 09 қарашасында «Қостанай таңы» облыстық газеті базасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Педагог мәртебесі туралы» мәселе төңірегінде дөңгелек үстел болып өтті. Бұл шараға ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, мұғалімдер мен ата-аналар және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Ғ.С. Жүсіпова қатысты.

Дөңгелек үстел өту барысында келешекте қабылданатын «Педагог мәртебесі туралы» заңда мұғалімдеріміздің қандай болуы керектігі, ата-аналардың қалауы не, қазіргі заман педагогтары мен бұрынғы дәстүрлі мұғалімдерімізді салыстыра отырып, озығын алға тартып, тозығын артқа ысыру қажеттігіне тоқталды.

ФОРСАЙТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да үздіксіз білім беру академиясының шеңберінде форсайт-тенхологиялар бойынша семинар ұйымдастырылды. Ісшараға институт оқытушылары мен мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты – филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамның кәсібилік және инновациялық әлеуетін озат әлемдік білім мен технологияларды қолдану арқылы дамыту.   

Семинарды философия ғылымдарының докторы, З.Алдамжар атындағы  Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің профессоры Р.И.Зекрист дайындады және өткізді.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us