Orley-kost.kz here. !!!

  • Подробнее...

1

1

1

ТЕЛЕМОСТ: ҚОСТАНАЙ – ОМСК – ЧЕЛЯБИНСК

2018 жылы 21 қараша күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Туған жер.Туған ел.Туған глобал» тақырыбында телемост өткізілді. Телемост мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтарды белсенді күшейту үшін диалогтік алаң құру болатын.

Осы мақсатпен телемостқа ғалымдар және Ресей Федерациясының Челябинск  білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты және Омск облысы білім дамыту институтының кафедра меңгерушілері, білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, пән мұғалімдері және мұражай қызметкерлері қатысты.

Елбасының жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы еліміздің мәдениеті мен тарихын сипаттау көріністері туралы әдістемелік және инновациялық жұмыстар бөлімі бастығы Ибрагимов Кмиль Темиргазиевич өз баяндамасында сөз етті.

КӨРКЕМ ЕҢБЕК: ӨЗ ҚОЛЫҢМЕН ЖАСАЛҒАН ӨНЕР

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» сурет пен технология мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек»  пәні бойынша «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша курс өткізді.

Бағдарлама оқушылардың көркем, технологиялық білімін, түрлі іс-әрекет түрлеріндегі білік-дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Педагогтер балалардың кеңістік және елестетуін, қиялдары мен бақылау қасиеттерін дамытуға үйренді.

Курс барысында сабақтар түрлі оқыту формасында өткізіледі: тәжірибелік жұмыс, тренинг, шеберлік-сыныптары, конференция, дөңгелек үстел, шағын сабақты таныстыру, рөлдік ойындар, кейс әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесе отырып шешу.

«Мұғалім кшбасшылығы» республикалық интернет-олимпиада

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай  30 қазан  мен 15 қараша аралығында «Мұғалім көшбасшылығы» атты республикалық  интернет олимпиада өткізілді. Олимпиадаға барлығы  1395 мұғалім қатысты.       

Интернет олимпиаданың негізгі мақсат-міндеттері -  педагогтердің интеллектуалды жарыстарға қатысу ынталарын арттыру, мұғалім көшбасшылығын оқыту мәселесі бойынша педагогтердің білімін тереңдету. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ  ұйымдастырған интернет  республикалық  олимпиаданың қорытындысы бойыншша қатысушылардың барлығына сертификат беріліп, тест тапсырмасын орындауда жоғары балл алғандар дипломға ие болды.  Олимпиадаға қатысушыларға алғысымызды айтып, жеңістеріңіз құтты болсын дейміз.

ОҚУЛЫҚТАР САРАПТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

16-17 қараша 2018 жылы  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК  базасында 4,9,10 сыныптар оқулықтарының сараптамасы жасалды. Аталған іс-шараға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ оқытушылары мен облыс педагогтері қатысты.

Оқытушылар мен облыс ұстаздары «Мектеп», «Атамұра», «Көкжиек-Горизонт», «Macmillan Education», «Oxford University Press» тағы басқа да баспалардың оқулықтары авторларымен жұмыс істеді.

Іс-шара барысында облыс педагогтары кейбір баспаларға өз ұсыныстарын әзірледі, хаттамалар толтырды, 4,9,10 сынып оқулықтарын Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес болуын көздейтін ниетін білдірді.

ӨРЛЕУМЕН БІРГЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕМЕЛГЕ ЖЕТУ

Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПКБАИ қызметінен сыр шертетін «Өрлеумен бірге педагогикалық кемелге жету» атты көрменің салтанатты ашылуы болып өтті.

Көрменің тұсаукесеріне «Өрлеу» филиалының ұжымы, кітапхана қызметкерлері және ардагер педагогтар қатысты.

Көрмеде әдебиеттің негізгі үш бөлімі көрсетілді: «Дәстүрлерді сақтай отырып, болашаққа бет бұрамыз», бұнда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тарихы туралы барлық ақпарат қамтылған, «Өрлеу мерзімді баспасөзі-озық педагогикалық идеялар жаршысы», бұнда кітапхана оқырмандары филиалдың мерзімді басылымдарымен таныса алады және үшінші «Инновация режимінде» немесе «Innovation and methodological resource» бөлімінде институт оқытушыларының еңбектері орын алған: ұжымдық жобалар, монографиялар, әдістемелік әзірлемелер, конференциялар жинақтары. Енді педагогтар-Л.Толстой атындағы кітапхананың оқырмандары өңірдің заманауи білім ресурсына қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл көрме ұдайы жұмыс істейтін, жаңартылып, жаңа басылымдармен толықтырылып тұратын болады.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us