Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ТЕЛЕКӨПІР: «ҚОСТАНАЙ – ҚЫРЫМ «Ы.АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ И.ГАСПРИНСКИЙ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалды мұражайымен бірлесіп, Бақшасарай тарихи-мәдени және археологиялық мұражай-қорығымен (Қырым Республикасы) телекөпір өткізді. Осы телебайланыста жария болған жаңа дерек қырым-татар ағартушысы - И.Гаспринский мемориалды музейінде Ы.Алтынсариннің қолтаңбасы бар «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабы сақтаулы екен. Бұл ұлы педагогтардың жеке байланыстары мен хат алысуын айғақтайды. Кітап телекөпірдің көптеген қатысушыларына: ғалымдарға, педагогтарға, оқушыларға көрсетілді.

Телекөпір барысында мұражай тарихы, екі ағартушының өмірі мен қызметі туралы қызықты әңгіме болды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директордың орынбасары өз сөзінде Ыбырай Алтынсаринді еске алуға арналған институт жүргізіп отырған үлкен жұмысы туралы айтып берді.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ - 2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСШУЫЛАРЫНА ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕР

­­  «Педагогикалық идеялар панорамасы - 2018» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының жеңімпазы, Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай медициналық жоғары колледж» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Воронцова Ирина Николаевна байқауға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, жас педагогтарды 2019 жылы осы байқауға қатысуға шақырады:

«Мен 2018 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегері болып табыламын. Осы конкурсқа қатысу шарттары туралы білгенде, колледж, қала, облыс және республикалық деңгейдегі осындай іс-шараларда белгілі бір тәжірибем бар болғандықтан қатысуға бел будым. 

ПОҚ ЖӘНЕ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» институт қызметкерлеріне, оқытушыларға және курс тыңдаушыларына ақпараттық қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуді жалғастыруда ...

Ол үшін «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ Павлодар филиалымен кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуге шарт жасалды. РҒТК ұсынатын қызметтер -бұл кітапханалық-ақпараттық, анықтамалық, кеңес беру, инновациялық қызмет көрсету, соның ішінде кітапхананың электрондық сервистерін пайдалана отырып, on-line режимінде қашықтағы пайдаланушыларға виртуалды ақпараттық қызмет көрсету.

«КӨПТІЛДІЛІК – КӨПМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  2019 жылдың 06 мамыр – 21 маусымы аралығында мектепке дейінгі, орта білім беру ағылшын тілі мұғалімдеріне, физика, биология және химия, информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Көптілділік – көпмәдениетті тұлға қалыптастыру негізі» тақырыбында облыстық конкурсы басталу туралы хабарлайды.

Конкурс біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін іске асыру, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу бойынша материалдарын «Байқау» белгісімен This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.    электрондық поштасына  2019 жылдың                      21 маусымына дейін қабылдаймыз. 

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ВИДЕО – САБАҚТАР МЕН БЕЙНЕ – ДӘРІСТЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ " РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибені арттыру және насихаттау,  ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін арттыру мақсатында  «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ ББҮППҚ кафедрасы «Педагогокалық  идеялар панорамасы» республикалық   байқауының аясында үлкен жұмыс атқаруда. Профессорлық-педагогикалық құрамы және мамандары кеңес беру, әңгімелесу , толғандыратын сұрақтарға  жауап  беру түрінде  жүргізіліп  жатыр. Желілік қауымдастықта байқау  қатысушыларына әдістемелік көмек көрсететін кеңес кабинеті жұмысын жалғастыруда.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us