Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 «Өрлеу» АҚ БАҰО Қостанай облысы филиалы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері Нурмухамбетова Акмарал Сакеновна мен Жусупова Галия Сапарбековна ағымдағы жылдың 28 мамырында Қоғамдық бірлестік «Костанай облысының педагогтар Ассоциациясы», ЖББ ФМБББМ «ЧелМУ» Қостанай филиалы, ММ «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ұйымдастырған «Қазақ жазуы: бүгіні мен ертені» ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Конференция жұмысына келесі ғалымдар: Қадралинова Мәрияш Тлеуғабылқызы, филология ғылымдарының докторы, ЖББ ФМБББМ «ЧелМУ» Қостанай филиалы филология кафедрасының профессоры; Кенжемұратова Сәлима Кенжемұратқызы, филология ғылымдарының кандидаты, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының орфографии басқармасының аға ғылыми қызметері; Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғамбекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің шетел тілдері кафедрасының доценті; Жақып Қалқаман Хасенұлы, философия ғылымдарының кандидаты, А. Байтұсынов атындағы ҚМУ философия кафедрасының профессоры; Бондаренко Юрий Яковлевич, философия ғылымдарының кандидаты, А. Байтұсынов атындағы ҚМУ философия кафедрасының профессоры қатысты.

«ЗЕРДЕЛІ ПЕДАГОГ» БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИҚАЛЫҚ ОҚУЛАР

Инновациялық қызметті дамыту мақсатында "Өрлеу "БАҰО"  АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ" бастауыш сынып мұғалімдеріне үшін "Зерделі педагог" педагогикалық оқуларын  өткізеді.

Педагогикалық оқуларын ұйымдастырушы -білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасы.

Педагогикалық оқулар педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберліктерінің  өсуіне, инновациялық әзірлемелерді және технологияларды қолдауға, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шығармашылық қызметін дамытуына  бағытталған.

ПЕДАГОГТАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА БІЛУ МАҢЫЗДЫ

"Өрлеу" БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ"  оқытушысы К.Т.Ибрагимовтің «ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ДАМЫТУ» ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІНЕ ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАС» жасөспірім тұлғасының жеке дамуы туралы маңызды тақырыптағы жаңа мақаласын оқуға шақырамыз. Мақаламен Ресей Федерациясы Білім және ғылым Министрлігінің рецензияланатын ғылыми ВАК журналдар тізіміне кіретін  «Тәжік ұлттық университетінің хабаршысы» журналында танысуға болады.

Мақалада «Тұлғаны әлеуметтік мәдени дамыту» ұғымының мәніне гуманистік көзқарас қарастырылған.  Педагогикалық теория мен практиканың замануи  инновациялық, гуманистік бағыттарының қысқаша сипаттамасы берілген. «Даму», «тұлға дамуы», «тұлғаны әлеуметтік мәдени дамыту» ұғымдары ашылған.

ЦИФРЛЫҚ РЕСУРС «МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ НАВИГАТОРЫ»

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ"-да   цифрлық  ресурс құрастырылды.

Бүгінгі күні цифрлық  технологияларды қарқынды таралуымен  оқыту үрдісі үздіксіз, жеке-бағдарланған, динамикалық  нысандарын қабылдайды

Осыған байланысты, цифрлық ресурстарды неғұрлым оқушылармен кәсіптік бейімделу жұмысында пайдалану орынды. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар өте маңызды, өйткені педагогтердің түсінігі цифрлық технологиялар мен ресурстар білім  сапасын жақсартуға,  оқыту  және оқушыларды кәсіпке дайындауға  көп мүмкіндік береді.

СУРЕТШІМЕН КЕЗДЕСУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да белгілі қостанайлық суретші Георгий Михайлович Соковпен кездесу өтті.

2 ай ішінде филиалдың көрме алаңында Георгий Михайлович Соковтың жұмыстары ұсынылды. «Көрме үлгілері» атты жиналған сериясы. Осы уақыт ішінде көрмемен білім берудің түрлі мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен 400-ден астам педагог танысты. Сонымен қатар, көрме онлайн-режимде де қолжетімді болды, өйткені институт сайтында суретшіге арналған және оны бүкіл өңір педагогтарының жұмысында пайдалану үшін жақсы демеу болған жеке ресурс әзірленді және ұсынылды.

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us