Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ТҰРАҚСЫЗ ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Тұрақсыз заманауи әлемде тұлғаны дамыту» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция ұйымдастырушысы - Челябі мемлекеттік мәдениет институты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы директоры М.В.Слесарь пленарлық отырыста  «Педагогтің көпэтномәдениетті құзыреттілігін қалыптастыру, өскелең ұрпақтың рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде» маңызды тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Сингапур, Қытай, Лондон өкілдері қатысты. Қатысушылар барлық мемлекеттер үшін тұрақсыз әлемдік жағдайда жас ұрпақты тәрбиелеу және дамыту туралы маңызды тақырыпта әңгіме жүргізді.

 Қатысқан  ғалымдар: «Ресейдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы контексіндегі жастарды әлеуметтендіру», «Заманауи жағдайда жастардың әлеуметтену мәселелерін зерттеу», «Сингапурдың білім беру жүйесінде балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру», «Жастар ортасында экстремизмді алдын алу», «Ұлтаралық қарым-қатынас көпэтномәдениетті тәрбие феномені ретінде» тақырыптарын ашты, және конференция тақырыбы аясында көптеген қызықты баяндамалар ұсынды.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы атынан Олеся Александровна Аккерман, филиал бас маманы, Челябі мемлекеттік мәдениет институтының аспиранты, «Сыни ойлауды дамыту оқушылардың көпэтномәдениетті құзыреттілігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде»; Ғалия Сапарбекқызы Жусупова, оқытушы-зерттеуші, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі, «Ұлтаралық қарым-қатынас көпэтномәдениетті тәрбие феномені ретінде»; Камиль Тимергазиевич Ибрагимов, оқытушы-зерттеуші, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, «Қосымша білім берудегі балалар мен жасөспірімдер тұлғасының әлеуметтік-мәдени даму мәселелеріне»; Ақмарал Сәкенқызы Нұрмұхамбетова, аға оқытушы, Челябі мемлекеттік мәдениет институтының аспиранты, «Патриоттық сезімді тәрбиелеудің теориялық аспектілері» тақырыбындағы баяндамаларымен конференцияның секциялық жұмысына қатысты.

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us