Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ШЕБЕР-СЫНЫП ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында қашықтықтан оқыту жағдайында дене шынықтыру мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау мақсатында «Инновационный урок» шебер-сыныбы  өтті.

Шеберлік сыныбына түрлі қызықты тақырыптардағы 60 жұмыс ұсынылды: ұлттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика. Бейнесабақтардың ең көп саны  «Спорттық ойындар» номинациясында ұсынылған. Онда 30-дан астам жұмыс болды.

            Дене шынықтыру мұғалімдері сабақтың қашықтан форматындағы өздерінің қызметінің тәжірибелерімен таныстырып, жоғары әдістемелік деңгейде әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін көрсетті.

Сарапшылар кеңесі ұсынылған бейнесабақтардың дерлік барлығы сапалы және әдістемелік тұрғыдан дұрыс дайындалғанын атап өтті.

 Кинтаев Медет Сұңқарұлы ұсынған «Ойындардағы техникалық тәсілдерді зерттеу» атты дене шынықтыру сабағы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды («Қостнай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ).

Бағытов Науан Берікұлы  («Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №21 орта мектебі» ММ), «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі» ММ Дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі: Елеусізов Манас Кусетович, Соседов Максим Николаевич, Фазылханов Нұралы Сабыржанұлы 2 дәрежелі дипломға ие болды.

3 дәрежелі дипломын Якимчук Николай Николаевич, Полинская Евгения Евгеньевна («Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі ММ №3 мектеп-лицейі КММ») және Зұлғарин Айтан Төребекұлы («Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Новострой орта мектебі» ММ) алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық дене шынықтыру мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us