Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖЫЛЫ

Қарашада Омбы қаласындағы «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығының ашылғанына тура бір жыл толады.

2019 жылдың қараша айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалының делегациясы Омбы қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей мен Қазақстанның ХVI аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында өткен іс-шараларға қатысты.

Халықаралық әдістемелік орталықпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою филиал үшін маңызды оқиға болды. Халықаралық орталықтың жұмысын жедел басқару мақсатында кеңес құрылды, оны Омбы облысының білім беруді дамыту институты директоры Т.С.Горбунова басқарды, ал тең төраға болып бірауыздан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Слесарь М.В. сайланды.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілікті арттыру курстарының педагогтері үшін - бұл халықаралық өзара іс-қимыл мүмкіндігі, халықаралық кәсіби педагогикалық қоғамдастықты дамыту үшін жағдай жасау және тиімді педагогикалық практикаларды танымал етуге және енгізуге көмектесу.

Филиал «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығымен бірлесіп келесі іс-шаралар өткізді:

  • жас педагогтерге арналған «Жаңа ғасыр - жаңа білім»/«Новый век - новое знание» әдістемелік марафоны;
  • «Тәлімгерлік білім беру сұранысына жауап ретінде» халықаралық білім беру телекөпір;
  • денешынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Салауатты орта» олимпиадасы;
  • «Тәлімгер+Жас педагог=Команда» байқауы.

 

«Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» халықаралық әдістемелік орталығы қызметкерлерін жемісті және тиімді жұмыс жылымен құттықтаймыз. Алға қойған жоспарларыңыз бен жобаларыңыздың, шығармашылық идеяларыңыздың іске асуына тілектеспіз.

 

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us