Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Пандемия кезінде ЖҚЕ зерделеудің ерекшеліктері

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Қостанай облысының Ішкі Істер Департаментімен және Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп  «Пандемия кезінде жол қозғалысы ережелерін зерделеу ерекшеліктері»  атты облыстық интерактивті сабақ өткізді.

Интерактивке Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, ЖЖИ жасақтар өкілдері, оқушылары қатысты. Барлығы 220 онлайн қосылу болды.

Өз сөзінде Қостанай қаласы ПБ ЖПҚ аға инспекторы полиция капитаны Базарбаева Карина: «Баланың жолда тәртіпті болуын қалыптастыру процесінде ата-аналардың орнын ешкім алмастыра алмайды», - дейді.

 «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Майский орта мектебі» КММ басшысы Елена Борисовна Журавлева сабақ барысында оқушыларды жол қозғалысы ережелеріне оқыту бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін көрсетті. «Қашықтан – оқытпау дегенді білдірмейді!» - деп сөзін аяқтады Елена Борисовна.

 Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us