Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІ "БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ" ЛИЦЕЙІНДЕ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ» тренері А.Н. Мускина «Пәнді оқыту кезінде пәнаралық байланысты іске асыру» және «Оқушыларда зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыптарымен тәжірибеде танысу үшін биология пәні мұғалімдеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды.

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылар тобы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде  "Білім - Инновация" лицейіне барып келді. Қатысу кезінде ұстаздар лицей жұмысы мысалында пән мұғалімдерінің өзара іс-әрекеттесу тәжірибесімен танысып, пәнаралық жұмыстың әдіс-тәсілдерін көрді.

Лицей педагогтері өздері жүргізген зерттеушілік жұмысы туралы айтты, балаларда зерттеу дағдыларын дамыту және оқушыларды олимпиадаларға дайындау әдістерімен бөлісті.

  

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us