Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

Педагогтарға курстан кейінгі қолдау көрсетудің мүмкіндіктері

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ» директоры Слесарь М.В. жұмыс бабында біліктілікті арттыру курстар тыңдаушыларымен кездесті.

Марионелла Васильевна «Өрлеу» Қостанай филиалына оқуға келген тыңдаушылардың сұрақтары мен мәселелерін тыңдады. Институт қызметі, әдістемелік жұмыс және курстан кейін мұғалімдерге қолдау көрсетудің мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді:

  • біздің ресми сайтымызда онлайн және офлайн режимде өтетін қашықтық іс-шаралар туралы, оларға облыстық, республикалық, сондай-ақ халықаралық конкурстар, олимпиадалар, конференциялар, семинарлар, вебинарлар және тағы басқалар кіреді.
  • Қостанай облысының және бүкіл республиканың әр педагогы өз мақаласын тегін жариялай алатын филиалдың мерзімді басылымдары туралы, филиал әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы журналдар шығарады – облыстық және республикалық, ғылыми және ақпараттық.
  • тыңдаушылар өздеріне керекті әдебиеттер, 100 жаңа оқулық, Қостанай филиалының оқытушылары мен тренерлерінің әдістемелік құралдарын және кез келген қажетті кітапты республиканың электронды кітапханаларында таба алатын кітапхана қоры туралы.
  • кәсіби қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу үшін үлкен алаң және педагогтардың кәсіби жетілдіруіне әдістемелік материалдардың қайнар көзі болып табылатын желілік қауамдыстық туралы.
  • филиалдың жаңалықтары, іс-шаралары, курстары, жобалары, шебер-сыныптар және тағы басқалар туралы бірінші болып ақпарат беретін филиалдың сайты және әлеуметтік желілері туралы.

Курстар тыңдаушылары Слесарь М.В., «Өрлеу» Қостанай филиалының директорына ұсынылған ақпараты үшін және маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік үшін алғыстарын айтты.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us