Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ - 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫНЫҢ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанй облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Слесарь М.В. және білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша тренерлері  Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияға барып келді.

 Аталған мектеп-гимназияның үш мұғалімі «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» республикалық байқауының жүлделі орындарына ие болды және олар өздерінің жаңа педагогикалық идеяларымен ашық сабақтарын ұсынды.

Қазақ тілі мұғалімі Жумабаева А.Е. мектеп муражайында «Лэпбук – жаңа оқыту құралы» атты сабағын өткізді,  сабақта лэпбукпен Б.Майлиннің өмірі мен қызметі бойынша 8 сынып оқушыларымен тартымды  жұмыс көрсетті.

 Педагог Серікбай Е.Н. «Робототехника – үйірмесінің жұмыс жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді, 3 командаға бөлінген оқушылар бағдарламалау, модельдеу бойынша білімдерін және құрылған роботтар презентациясын көрсетіп шықты. Сабақ барысында оқушылар жол қозғалысының ережелері бойынша  робот-тренажерін тестілеуден өткізді. Филиал директоры Слесарь М.В. роботтың көмегімен балаларға ЖҚЕ бойынша қиын сұрақтарға жауап беруге көмектесті.

Көлбаева Т.А. «Дизайн және технология» деп аталған сабағында 9 сынып оқушы қыздар киім тігу және модельдеу дағдыларын көрсетті.

Қорытындысында филиал директоры және тренерлері Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның педагогтар ұжымымен дөңгелек үстелде кездесті. Мұғалімдер  2020 жылда  болатын  «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқау, білім берудің жаңартылған мазмұны  және біліктілікті арттырудың мүмкіндері жайында көп сұрақтар қойды.   

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанй облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры Слесарь М.В. және Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия директоры Бірманова Қ.И. ынтымақтастық туралы келсім-шартқа қол қойды.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us