Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«УРОКИ ЖИЗНИ ГЕНРИХА ШЕКА» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры  М.В. Слесарь «Мирас» мәдениет үйінде өткен Генрих Генрихович Шектің туғанына       70-жыл толуына арналған еске алу кешіне қатысты және әрі жақсы педагог, әрі талантты басшы туралы «Уроки жизни Генриха Шека» атты филиал басып шығарған кітабымен таныстырды.

Педагогикалық еңбек ардагерлері, қалалық қоғамның құрметті өкілдері, мектеп директорлары кештің қонағы болды. Қатысқан адамдардың көбі Г.Г.Шекпен таныс болып, бірге жұмыс жасаған, бірақ кітапта баяндалған Қостанай облысы білім басқармасының экс-басшысының өмірі мен қызметімен жақынырақ танысу енді әрбір мұғалімнің мүмкіндігі болады.

Ол инновацияларды енгізуге, жас педагогтар қалыптасуына көп көңіл бөлген, ата-аналармен белсенді ынтымақтастықта болған, оның бастамалары әлі күнге дейін облыстың білім беру дамуына қызмет етуде.

Кітапта педагогтың ауылдық мектептегі қарапайым математика мұғалімі жұмысынан басталған  Қостанай облысының білім беру басқармасы басшысына дейінгі елеулі кәсіби жолы туралы сипатталған.

 «Уроки жизни Генриха Шека» кітабын басып шығару –  бұл дарынды мұғалім, талантты басшының кәсіби және өмір жолы туралы ел мұғалімдері үшін жасалған үлкен еңбек.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us