Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

"ДЕНСАУЛЫҚ МҮМКІНДІГІ ЕРЕКШЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРЫ.

05 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» тыңдаушылары және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психолог студентерінің қатысуымен  "Денсаулық мүмкіндігі ерекше студенттердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері" атты халықаралық семинар өтті.

Семинар инклюзивті білім алуға, әлеуметтік интеграцияға қол жеткізу және дамытуға көмектесу және Болон процесі мен Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды білім беруде кемсітуге жол бермеу «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуді дамыту/DECIDE» жоба аясында өтті.

 Осы жоба және оқу орындардың халықаралық ынтымақтастығы  қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты кемсітулерге қарсы тұру құқықтарына, қоғамда оларды түсіну және мойындау, қоғамның күнделікті өміріне қатысуға, олар білім алуға қол жеткізудің басын бастайды.

"Денсаулық мүмкіндігі ерекше студенттердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері" семинары мықты педагогтар құрамымен үйымдастырылып өткізілді: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ психология кафедрасының профессоры,  психология мен психотерапия мәселелерінің беделдісі Саркисян Л.В., тәжірибелі педагог-практик  Махмутова А.Ғ., «Өрлеу» БАҰО» АҚ фидиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» сертификатталған тренері Климбей Л.В.

Семинар қатысушылары көру және есту қабілеттері шектеулі, тірек-қозғалыс жүйесі,  сөйлеу қабілеті бұзылған баллардың, ПДТ ерекшеліктері бар оқушылардың  психологиялық ерекшеліктерін зерттеу бойынша командада жұмыс жасады.  Семинар барысында әр санаттағы тұлғалар үшін жаттығулар  және олардың қоғамда бейімделу мүмкіндіктері ұсынылды.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us