Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ АШЫҚ САБАҒЫ


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры М.В. Слесарь және білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша тренерлері Жусупова Г.С., Климбей Л.В.  №2 мектеп-лицейде «Педагогикалық идеялар панорамасы-2019» республикалық бейнесабақтар және бейнедәрістер байқауының жеңімпазы С.А.Шалабаеваның ашық сабағына қатысты.

 Педагог-сарапшы Шалабаева С.А. 4 лицей сыныбында дене шынықтыру сабағын өткізді. Сабақ ІІ санат мұғалімі Дударова Е.А. бірлесіп командалық оқыту форматта өтті. Сабаққа «Өрлеу» Қостанай филиалының өкілдері және №2 мектеп-лицейдің жас педагогтары қатысты.

   4 «Л» сынып оқушылары сабақтағы «сұрақ-жауап» ойыны барысында қауіпсіздік техниканы қайталады, спорт дағдыларын дамытатын қозғалмалы ойындар ойнады, ал сабақтан босатылған оқушылар төрешілер және сарапшылар командасы болды. Сабақ педагогтардың өзара әрекеттесуі, оқушылардың командадағы жұмысы, пән аралық байланысымен қызық болды.

Сабақ соңында оқушылар сабақтың басында белгіленген критерийлер бойынша өз командаларын бағалады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us