Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ИНКЛЮЗИВТІК БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ МАҢЫЗЫ ҚҰНДЫ БІЛІМ

«Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты қабырғасында филиал директоры М.В. Слесарь Ұлттық білім академиясы инклюзивтік білім беру орталығының басшысы С. К. Исмагуловамен кездесті.

Светлана Кужаковна Қостанай облысының инклюзивтік білім беру мұғалімдерін жинап, арнайы курс өткізді. Қазақстан Республикасында көптеген жылдар бойы инклюзивтік білім беру идеяларын жүзеге асыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіп келе жатқан  білікті маманның өз аузынан дәріс тыңдау сәті түскеніне тыңдаушылар дән риза.

 Инклюзивтік білім беруді дамыту орталығының жұмыс мақсаты орта білім буынындағы инклюзивтік білім берудің мазмұнын методологиялық және оқу-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.  Ұлттық академияның инклюзивтік білім беру орталығының басшысы өткізген курстан тыңдаушылар осы саладан білімдерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге көптен көкейлерінде жүрген сан салалы сұрақтарға ұғымды жауап алды. Инклюзивтік білім беруді дамытудың табысты тәжірибелері жайлы алған ақпарат, ұсыным сипатындағы жаңа оқу материалдары, нормативтік құжаттар, оқыту амалдарындағы жаңашылдықтар т.б. мұғалімдердің ертеңгі күнгі еңбегінде пайдасы зор болары хақ. 

Кездесу барысында институт директоры  Слесарь М.В. курсты өте жоғары деңгейде оқыған С.К. Исмагуловаға алғысын білдіріп, кәсібилігі, шығармашылығы, ыждағаттылығы мен жауапкершілігі үшін Алғыс хат табыстады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us