Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2019» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ»

­

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» республикалық бейне-сабақтар мен бейнедәрістер конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және оның «Адами капитал – жаңғырту негізі» атты маңызды идеясын жүзеге асыру аясында екінші жыл өткізіліп келеді және педагог мәртебесін нығайтуға, оның имиджін арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтауға және «Өрлеу» БАҰО»АҚ білім беру порталында бейне-ресурстар банкін толықтыруға бағытталған.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» - бұл бүкіл еліміздің мұғалімдері үшін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде идеялар, әзірлемелер мен жаңа құбылыстар және тәжірибемен алмасу алаңы.

Маусым айы мен қазан айы аралығында Қостанай облысының мұғалімдері бейнетүсірілім мен монтаж дағдыларын игеріп, қиындықтарды еңсеріп бейне-сабақтар түсірілімін жасаумен жұмыс істеді, өйткені бұл конкурс білім беру порталында өз жұмысын еліміздің үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер банкіне ұсынуға тамаша мүмкіндік береді.

Марапаттау рәсімін филиал директоры Слесарь Марионелла Васильевна байқау қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтау сөзімен ашты.

Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне 117 жұмыс ұсынылды, онда авторлық тәсілдер, инновациялық техника және сабақ беру тәсілдері, стандартты емес шығармашылық әдістер көрсетілді. Қостанай облысының 66 мұғалімі 22 номинация бойынша грамоталармен марапатталды және қараша айында республика біріншілігі үшін жарысқа қатыса алады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2019» конкурсына қатысу мұғалімнің шығармашылық дамуына мүмкіндік береді. Өйткені қазіргі мұғалім үнемі дамиды және өзін-өзі жетілдіреді.

Байқаудың республикалық кезеңінде барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілейміз!

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us