Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ РӨЛІ»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Ұлы даланың жеті қыры: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Жиынды Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жүргізді.

Пленарлық отырыста қатысушылар Қазақстан кітапханаларының маңызды тақырыптарын талқылады. «Л.Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК» КММ директоры Дүйсебаева Д.  өзінің «Қостанай облысындағы кітапхана ісінің құрылу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы» баяндамасында Қостанай облысында кітапханалардың пайда болу тарихына шолу жасады. Сондай-ақ өңір кітапханаларының қазіргі кездегі жағдайы туралы айтып берді.

 ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Қ. Оспанова Қазақстан кітапханаларының жұмыстарына шолу  ұсынды.  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының менеджмент және маркетинг қызметінің басшысы Е. Р. Салықова мен С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Ш. Б. Шахметова конференцияға қатысушыларды Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналған жобалармен таныстырды.

Конференцияның құрметті қонағы – белгілі ғалым, журналист, тарихшы С.Қ. Қозыбаев өз баяндамасында кітапханалардың қоғам өміріндегі рөліне жоғары баға берді.

Пленарлық отырыс облыстың үздік кітапханашыларын марапаттау рәсімімен аяқталды. Пленарлық бөлім аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмысты жалғастыру үшін секциялар бойынша таралды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us