Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»  қызметкері Л.А.Федас, ЭРАЗМУС+ Еуропалық Одағы бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан «Білімді үнемдеу және өмір бойы білім алу мақсатында трансаймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)» халықаралық жобаның бұрынғы қатысушысы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ білім орталығы ұйымдастырған «ПОҚ және студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – қазіргі дамуы мен өсу нүктелері» облыстың жоғары білім беру жүйесінің кітапханашыларына арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

 Дөңгелек үстел басында ЖОО кітапханаларының мамандары жиналды. Оқытушылар мен студенттердің ақпараттық құзыреттілігін арттырудағы кітапханалардың рөлі мен қатысу мәселелері көтерілді. Кітапханалардың ақпараттық ресурстарын және деректер қорын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету мәселелері қозғалды. ПОҚ еңбектерін қазақстандық, ресейлік және халықаралық ғылыми базаларға жылжытудағы кітапханалық қызметтердің рөлі, өз регенерациясының толық мәтінді деректер қорының рөлі атап өтілді.

Әңгімеге: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ білім орталығының меңгерушісі Ж.С.Кузбакова және оның мамандары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» кітапхана маманы Л.А. Федас, Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ кітапхана директоры С.С. Баубекова, Л.Толстой атындағы ОӘҒК маманы С.А. Доронина және басқалар қатысты. Әрбір сөз сөйлеуде ПОҚ мен студенттердің ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесі, осы бағыттағы оқырмандармен жұмыс істеу әдістері мен формалары айтылды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us