Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ УӘЖДЕМЕЛІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі К.Т.Ибрагимов Челябі білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты базасында өткізілген  «Дарынды және келешегі бар балаларды сүйемелдеу және қолдаудың өңірлік моделдері» тақырыбында  IX Халықаралық он-лайн ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 Конференция барысында қатысушылардың назары дарынды және жоғары уәждемелі білім алушылардың тұлғалық әлеуетін дамыту және оларда әмбебап оқыту іс-әрекеттерін қалыптастыру және дамытудың психологиялық-педагогикалық механизмдерін іске асыру  мәселелеріне жинақталды. Бұл бағыттар пленарлық отырыстың әртүрлі формаларында, пікірталас алаңдарда, шеберлік-сыныптар және форсайт-сессияларда талқыланды.

Инновациялық  білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі К.Т.Ибрагимов пленарлық отырыстың шеңберінде «Қосымша білім беру жағдайында жеткіншектерді әлеуметтік-мәдениетті дамыту мәселелері» тақырыбында өзекті баяндама жасады. 

Конференцияға жергілікті білім беру саласының өзін-өзі басқару органдарының, әдістемелік қызметтер мамандары; жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары; білім беру ұйымдарының басшылары және педагог қызметкерлері; желілік кәсіптік  қоғамдастық өкілдері қатысты.

Конференция білім алмасу кеңістігі болды. Онда Челябі облысының білім беру қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасы білім және ғылыми ұйымдар өкілдерінің  бейресми біліктілігі арттыру жүзеге асырылды.

Конференцияға қатысушылар пленарлық отырыстың мазмұнды өзектілігін белгіледі  және секциялық отырыстарда мәселелерді талқылау кезінде ашық диалог форматын жоғары бағалады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us