Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

"ӨЗІН–ӨЗІ ТАНУ" БАҒДАРЛАМАСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ЫҚПАЛДАСТЫРУ

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы» Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Өзін-өзі тану» бойынша тренері А.Н.Мускина Қостанай облысының пилоттық білім беру ұйымдарының тұтас оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасын интеграциялау жобасын іске асыру бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты. 

Отырыстың мақсаты облыстың пилоттық ұйымдарында жобаны іске асыру бойынша өзекті мәселелерді қарастыру болды.

 Күн тәртібіне пилоттық ұйымдар жұмысының маңызды мәселелері шығарылды. Отырыс барысында өзін-өзі тану педагогтары 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітті, үлкен іс-шаралар және жинақтар мен әдістемелік құралдар шығару кестесін белгіледі. Қатысушылар адамгершілік – рухани білім беруді оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру жобасын жүзеге асыру аясындағы өз істерімен бөлісті және өзекті мәселелерді күн тәртібіне көтерді.

Соңында барлық қатысушылар жоба жыл сайын оң нәтиже беретінін атап өтті.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us