Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІН КЕНЕЙТЕ ОТЫРЫП

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры М.В. Слесарь бастаған ұжымы Қостанай қаласының №29 жаңа орта мектебіне барып, білім күні алғашқы қоңырау соғылды.

Мектеп директоры Ж.А.Кошанова мектеп қабырғасында біліктілікті арттыру институтының директорлары мен мамандарын құшақ жая қарсы алып, мектеп бойынша экскурсия өткізіп, педагогикалық ұжыммен таныстырды.

 Көптеген ыңғайлы жабдықталған кабинеттері бар үш қабатты мектеп 900 орынға есептелген: кең асхана, оқу залы бар екі кітапхана, акт залы, спорт залы, лифт және пандус. Мектеп бірегей болып саналады, себебі инклюзивті білім беруге толық сай келеді. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар 13 баладан тұратын сынып құрылған, әр кабинет мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

Кездесу барысында «Өрлеу» Қостанай филиалының ұжымы өз жұмысын ұсынып, қызмет бағыттарымен таныстырды. Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бастығы Е.М. Диденко курстық жұмыс жүргізілгені туралы айтып берді, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі К.Т. Ибрагимов филиалдың әдістемелік және курстан кейінгі қызметіне тоқталды, кітапхана жұмысының маманы Л.А. Федас институт басып шығарған мерзімді басылымдардың маңыздылығын атап өтті, ал зертхана меңгерушілері Ж.А. Мусина. және Р.В. Худяков сайт пен әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан үлкен жұмыстар туралы айтты. Филиал директоры М.В.Слесарь және мектеп директоры Ж.А.Кушанова алдағы уақытта жемісті ынтымақтастықты талқылады.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us