Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

ҚАРАСУ АУДАНЫ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА ЖҰМЫСТЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

27 тамызда Қарасу ауданында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» қатысуымен «Қарасу ауданының білім беру кеңістігінің динамикалық дамуының шарты ретінде әлеуметтік және кәсіптік өзара іс-қимыл» білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы кеңесі өтті.

Пленарлық отырысты Қарасу ауданының әкімі В.Н.Ионенко ашты. Ол жаңа оқу жылы қарсаңында педагогтарды құттықтап, жұмыс қорытындысын шығарды. Аудан әкімі В.Н.Ионенко өз сөз сөйлеуінде 2018-2019 оқу жылындағы бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері туралы мәселеге тоқталып, педагогтардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру мүмкін екендігін атап өтті. Аудан әкімі «Өрлеу» Қостанай филиалының әрбір мұғалімнің кәсіби қызметіндегі маңыздылығын атап өтті.

Білім бөлімінің басшысы С.К.Циммер баяндамасында Қарасу ауданының білім беру жүйесінің жай-күйіне талдау жүргізді, мектептердің проблемаларын, перспективаларын және мүмкіндіктерін жария етті. Білім беру саласындағы жетістіктер және 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы әңгімеледі.

Аталған тақырыптың жалғасы ретінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» директоры М. В. Слесарьдің педагогтардың кәсіби өсуіне және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық ресурстар туралы сөз сөйлеуі өзекті болды.

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us