Orley-kost.kz here. !!!

1

1

1

«Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Бүгін, 2 қыркүйек 2019 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» ұжымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт-Тоқаевтың «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын тыңдады.

Жыл сайын Президент Жолдауында мемлекеттің барлық негізгі құрылымдарының қызметіне объективті баға береді және елдің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын анықтайды.

Мемлекет басшысы өз жолдауында экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларды дамыту бағыттарын атап өтті. Білім беру саласында Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті білім беруге және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың қол жетімділігіне баса назар аударды. Ауылдық жерлерде кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін атап өтіп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын кеңейтуді, көп балалы отбасылардың балаларын «Жол картасы» бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Add comment

Яндекс.Метрика
Find us on Facebook
Follow Us
Find us on Facebook
Follow Us